Байден Ресейге қарсы санкцияларды жариялады
АҚШ президенті Джо Байден арнайы мәлімдеме жасап, Украинадағы жағдайдан кейін Ресейге салынатын санкияларды жариялады. Оның сөзінше, бұл санкциялар Ресейді SWIFT төлем жүйесінен шығарудан әлдеқайда күштірек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Джо Байденнің сөзінше, Ресейдің Украинаға жасаған шабуылы – айлап дайындалған әрекет. Қазір кибершабуыл мен өзге де шабуылдар жүріп жатыр.
"Агрессор Путин осындай жолды таңдады. Санкциялар ұзақ уақыт әсер етеді. Жапония мен Германия да мені қолдап отыр", – деді Байден.
Байден жариялаған санкциялар:
- Орыс бизнесі доллардан және еуродан шектеледі;
- Ресейдің 4 банкі бұғатталады;
- Ресей билігіндегілердің қаржысы бұғатталады;
- Ресейдің ғарыш кеңістігіндегі де жұмысы да санкцияға алынды;
- АҚШ Ресейдің 24 жеке және заңды тұлғасына қатысты санкция енгізді.
- АҚШ және одақтастары Ресейдің жоғары технологиялы өнімдерінің импортын 50% шектемек.
Сонымен қатар Байден Ресеймен қарым-қатынасын толығымен үзетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, кеше Ресей президенті Путин Украинада арнайы операция өтетінін мәлімдеген еді. Путин хабарламасынан кейін Байден міндетті түрде жауап беріп, қатаң санкция салатынын айтқан.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі