Байден бір жынысты қарым-қатынас үшін сотталған ардагерлерге рақымшылық жасады
АҚШ президенті Джо Байден ондаған жылдар бойы бір жынысты қатынасқа тыйым салатын әскери заңға сәйкес сотталып, содан кейін жұмыстан шығарылған мыңдаған әскери ардагерге кешірім жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Бұл заң 1951 жылы енгізіліп және 2013 жылға дейін күшінде болды. Өз мәлімдемесінде Джо Байден де бұл шешімін "тарихи әділетсіздікті түзету"деп атады.
"Бүгін мен кешірім жасау құқығымды пайдаланып, тарихи әділетсіздікті түзетіп жатырмын. Өздерінің таңдауы үшін сотталған көптеген бұрынғы әскери қызметкерлерге кешірім жасаймын", — деді президент.
International family news хабарлауынша, Ақ үй 1951-2013 жылдар аралығында сотталған мыңдаған ардагерді ақтауы мүмкін. Алайда кешірім автоматты түрде болмайды. Олар өз істерін ресми түрде қайта қарау және айыптау үкімін алып тастау үшін Қорғаныс министрлігіне өтініш беруі керек. Осының арқасында жұмыстан шығару шарттары қайта қаралып, ардагерлер тиісті жеңілдіктерін ала алады. Бұның әзірге қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.
Президенттік әкімшіліктің өкілдері заңнан зардап шеккен ардагерлерді барынша қамту үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Жалпы америкалық бұқаралық ақпарат құралдары бірауыздан 100 мыңға жуық әскери қызметкер ЛГБТ өкілі екенін айтып жүр.
Билл Клинтон президент болғанынан бастап әскерде "сұрамаңыз, айтпаңыз" саясаты да болды. Бұл дегеніміз әскери қызметкерлер жыныстық бағдары туралы айтпауы, бір-бірінен сұрамауы керек. Егер командирдің құлағына жетіп, дәлелденсе, жұмыстан шығарылған. Кейіннен ережені Барак Обама жойып, гей-әскери қызметкерлер жыныстық бағытын жасырмайтын болды.
Америкалық прогресс орталығының талдауы бойынша, АҚШ-та жалпы саны 461 мың әскер бар. Оның ішінде 79 мыңға жуығы – ЛГБТ өкілдері.