Байден АҚШ әуе кеңістігі Ресей үшін жабылатынын жариялады
АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы жағдай туралы айтып, Ақ үй басшысы Ресей президенті Владимир Путин жаңылды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ президенті Джо Байден 2 наурыздан бастап Америка Құрама Штаттарының әуе кеңістігі Ресей әуекомпаниялары үшін жабылатынын айтты. Бұл туралы Байден Президенттің Twitter-дегі парақшасында жарияланған Конгреске бағытталған жыл сайынғы үндеуінде мәлімдеді.
Сонымен қатар Ақ үйдің басшысы Ресей президенті Владимир Путин туралы пікірін айтты.
“Алты күн бұрын Владимир Путин әлемді дүр сілкіндірді. Бірақ ол жаңылды. Путинннің шабуылы. Ол батыс елдері үнсіз қалады деп ойлады. Ол Еуропаны қарсы айырамын деп ойлады, бірақ ол қателесті... Путин әлемнен бұрынғыдан да қатты оқшаулана түсті”, – деді Джо Байден.
Джо Байден өз сөзінде АҚШ әскері Украинадағы Ресей әскерімен қақтығысқа қатыспайтынын атап өтті.
АҚШ әуе кеңістігінің Ресей Федерациясы үшін ашылмайтынын Wall Street Journal хабарлады.
Бұған дейін батыс елдері кез келген ресейлік әуе кемелеріне ЕО аумағына қонуға, ұшуға тыйым салған. Оған дейін компанияларға Ресейге азаматтық ұшақтар мен оларға қосалқы бөлшектерді жеткізуге тыйым салған.