Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт Баян Мақсатқызының жас кездегі сұлулығына қайран қалды (видео)

Атышулы продюсер Баян Мақсатқызы жас кезде түсірген бейнеклипін жариялады. Желідегілер экс-Есентаеваның бойжеткен шақтағы сұлулығына қайран қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жас таланттардың жұлдызын жағып жүргенімен, Баян Мақсатқызының өзі ән айтпайды. Алайда бойжеткен шағында ол да әнші болуды армандаған. Тіпті, арнайы бейнебаян түсіріп, халық назарына ұсынған-ды. Ән айту шеберлігі өз көңілінен шықпаса керек-ті, Экс-Есентаева бұл істі тастап кетті. Есесіне мына әнбаян жастық шақтың естелігі ретінде жеке мұрағатта сақталып қалды.

20 лет назад, все только начиналось 😊 @meruertesen @bagym_m 😍

Публикация от Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

В продолжении темы 😊

Публикация от Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

Желі оқырмандары продюсердің жас кезде хас сұлу болғанын жарыса жазып жатыр.

“Мәә, өте әдемі шыққан, бірінші рет көріп тұрмын”, “Сондай сұлу әрі нәзік”, “Ана тіліңізде ән айтқаныңызды есту сондай жағымды”, – деп тамсанды желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Тарғын: Тұңғышым-Айым бауырын жақсы көріп, оған қамқорлық көрсетеді деп сенемін

Жас кезіндегі суретін көрсеткен Сәкен Майғазиев жұртты күлкіге қарық қылды

Димаш Құдайбергеннің әжесіне арнаған тілегі көптің жүрегін елжіретті

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен хиджап киіп, үйде отырғанымды қалады

Талқылау