Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі жазасын жеңілдетуді сұрады
Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев соттан жазасын жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық сотына сілтеме жасап.

"2020 жылы сотталушы Бақытбек Есентаев Қылмыстық кодекстің 6-бабын қолдану туралы, яғни "сотталған адамның жағдайын жақсартатын жеңілдетілген жаза қолдану туралы" өтініш берді. Алайда, сол жылдың 6 сәуірінде Қапшағай қалалық соты бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты", - деп хабарлады Алматы облыстық сотында.
Бақытбек Есентаев өзін орташа немесе ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыруды сұраған.
Бұған дейін БАҚ Есентаев колонияда қарапайым өмір салтын ұстанып, түрме режимін бұзбайды, сонымен қатар өзі және мекемедегі өмірі туралы қандай-да бір ақпарат беруден бас тартады деп жазды.
Айта кетейік, Бақытбек Есентаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті осы жылдың 10 маусымынан кейін бере алады.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы