Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Күйеуіммен ұрыс болмағанда да бәрібір ажырасатын едім

Баян Мақсатқызы үш жыл бұрын басынан өткен оқиғаны еске алды. Бірінші күйеуімен қандай жағдайда да ажыраспақ болғанын айтты. Одан өзге күйеу баласымен ара қатынасы, өзінің қандай ене екенін айтып өтті. 

Бұл туралы "Без фильтров" бағдарламасында айтылды.

Баян Мақсатқызы қазіргі уақытта ешнәрсеге өкінбейтінін, әр нәрседен сабақ алатынын айтады. Одан бөлек ақылды ене, жақсы анамын деп атады өзін. 

"Мен 2016 жылы күйеуіммен болған жағдайды бәрі біледі. Ол ұрыс болмаса да мен күйеуіммен ажырасатын едім. Себебі, махаббат болған жоқ. Мені құтқарған махаббат. Қазір бақыттымын. Қазір бәрі басқаша", - деді продюсер. 

Баян Мақсатқызы қазақ әйелдерінің тең жартысынан көбі күйеулерінен қорқады деп санайды. Бір саты төмен тұрамыз деп, азаматтарына мойынсынып кетеді дейді. 

"Қазақ әйелдерінің түсінігін өзгерту қиын. Мен мынау дұрыс, мынау бұрыс дей алмаймын. Себебі, жартысынан көбі маған қарсы шығады. Мен ер азаматтан не себепті бір саты төмен тұруым керек? Әйелдер бағынған соң күйеулері оларды басына бастайды. Әйел өзін қалай ұстаса, күйеулері де солай қарайды. Бағына берсе, білгенін істейді. Не себепті ер адам тұзды не қасықты өзі алмайды? Ол да сондай арақашықтықта отыр. Ол да дені сау адам. Сондай дүниелерді мен түсінбеймін. Азаматты сыйлау керек, бірақ ол құл болу деген сөз емес", - деді продюсер. 

Баян ханым күйеу баласымен құдаларына ризашылығын білдірді. 

"Мен өте ақылды енемін. Күйеу баламды баламдай көремін. Балапан, балам деп атаймын. Күн сайын қал сұрасамыз. Құдаларымыз да өте мәдениетті адамдар. Бәріне ризамын. Немерелерім өмірге келіп жатса, мені әже дегенін қаламас едім. Басқаша ат ойлап тауып қойдым. Оны кейін ести жатарсыздар. Маған өз жасымды қабылдау қиын. Мен өзімді 30 жастағыдай сезінемін", - деді ол. 

Айтуынша, өзіне ақыл айтатындардың көпшілігі ақылы аз адамдар. Ақылды адамдардың менде шаруасы жоқ деген ойын айтты. 

"Маған орамал тақ, әже боласың, қысқа киім киме деп жатады. Мен ондай тар ойлайтын адамдармен сөйлесе алмаймын. Әркімнің ақылы әртүрлі деңгейде. Ақылды адамдардың менде шаруасы жоқ. Маған солармен сөйлескен ұнайды", - деді Мақсатқызы.

Талқылау