Баян Мақсатқызы қызының жүктілігіне қатысты пікір білдірді
Танымал блогер, кәсіпкер Айсәуле Бақытбектің анасы, продюсер Баян Мақсатқызы қызының үшінші жүктілігіне қатысты жеке ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek
Блогер жаңалықты бірінші болып жеке парақшасында жариялады.
“1+1=5 болады... Құттықтауларыңызға рақмет! Соңында ештеңені жасырмай, эмоцияларым мен ойларымды қайта бөлісе аламын", – деп жазды желі жұлдызы.
Ол жақында өмірге үшінші сәбиін әкелетінін айтып, арнайы фотосессиядан контент көрсетті.
-
"Үздік әйел" атағын алып тұрмын": Айсәуле Бақытбек күйеуінің туған күніне ерекше сыйлық жасады
-
"Сенің әкең – екінші "Қуандық": Айсәуле Бақытбектің әйел құқығы туралы жазбасы дауға қалды
Қызының жаңалығына анасы реакция білдіріп, видеосын бөлісті.
"Бір, екі және үшке санал" деп жазып, өзінің сторисінде қызының кейінгі reels-видеосын бөлісті.
Желі қолданушылары продюсерді үшінші рет әже атануымен құттықтап жатыр.
“Отбасын да, кәсіпті де, бала тәрбиесін де қатар алып жүргенің дұрыс”, “Баян Мақсатқызы шок алып жатқан шығар”, “Ұл болса екен”, “Неше апта”, “Тағы қыз туатын сияқтысың”, – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірген еді.