Баян Есентаева тағы да байқау ұйымдастырды
Қазақстандық продюсер Баян Есентаева өнерпаздар арасында тағы да бір байқау жариялады. Бірақ бұл жолы жеңімпазға мың доллар емес, тек 100 мың теңге табысталады.

Фото: juldizdar.kz
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Продюсердің айтуынша, байқау он күнге жалғасады. “Байқауларды жақсы көремін. Кезекті бір байқаудың басталғанын жариялаймын. “Рухты ару” әнінің әртүрлі жанрдағы кавер нұсқаларын естігім келеді. Жақсы не жаман болсын демеймін, бар болғаны тың дүние болсын”, – дейді Баян Есентаева.

Байқауға қатысушылар кавер нұсқасына міндетті түрде #рухтыарукавер хэштегін жазуы тиіс.
Естеріңізге сала кетсек, сәуірдің 14 жұлдызында продюсер кезекті байқауының жеңімпазын анықтағанын хабарлаған болатынбыз.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған