Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бауыры барын білмеген": Қазақ жігіті 30 жылдан соң туған бауырын іздеп тапты

Айдын есімді 30 жастағы қазақ жігіті ойда-жоқта туған бауырын тапты. Бір әкеден туған ағайындылар студияда кездесті. Айдын өзінің інісі мен қарындасы бар екенін 30 жылдан соң бір-ақ білді. 

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды. 

Айдын 5 жасынан бастап әкесін іздеп келеді. 25 жыл ешбір хабар-ошақ ала алмаған ол ойда-жоқта бауырын тапты. 

"Әкем мен анам ажырасып кеткен. Бес жасымнан бастап әкемді іздеп таба алмадым. Сіздерден көмек сұрап келген едім. Әкемнің қайда екенін, қандай екенін, кім болғанын, не істеп жүрген мүлде білмеймін. Ешқандай хабар жоқ. Сол себепті көмек сұрауға тура келді", - деді Айдын. 

Айдынның өзінен үлкен әпкесі бар. Алайда ол әкесін іздегісі келмейді. Әкесі туралы ешқандай ақпарат қызықтырмайды деді. 

"Әпкем әкеме өкпелі. Реніші бар. Сондықтан оны іздемейді", -  деді Айдын. 

Бағдарлама редаторлары Айдынның әкесін ғана емес, одан туған ұл-қыздары барын анықтап білді. Студияда Айдын Алмас есімді туған бауырымен кездесті. 

"Мен әкемнің екінші рет үйленгенін білмедім. Олай ойлаған да емеспін. Бауырыларым бар деп мүлде ойлаған жоқпын. Мен тек әкемді іздедім. Енді ағалы-інілі болып қалдық", - деді Айдын.

Алмас әкесінің денсаулығына байланысты бағдарламаға келе алмағанын айтады. 

"Әкемнің қан қысымы көтеріледі.Сонықтан жолд көтере алмайды. Қазір ішімді ішпейді. Анам маған бауырың іздеп жатыр деп қуана хабарлады. Мен бірден Алматыға аттанды. Үштөбеде тұрамыз. Қарындасым тұрмыста. Екі баласы бар. Мен әке-шешеме қарайлаймын", - деді Алмас. 

Алмас бұрын наубайханада жұмыс істеген. Қазір карантинге байланысты жұмысынң тоқтап қалғанын айтады. 

"Маған әкем екі бауырың бар деп айтқан. Мен оларды іздеп таппадым. Интернет пен әлеуметті желіден таба алмадым. Қарындасым екеуміз де іздеген едік", - деді Алмас.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр