Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіңдей сұлу болсын": Ернар Айдардың келіншегі қыз босанды

Ернар Айдардың келіншегі қыз босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бауы берік болсын: Ернар Айдар әке атандыЖеке өмірін жұрттан жасыратын Ернар Айдардың келіншегі босанып, өнер иесі әке атанды. Бұл жаңалықты Досымжан Таңатаров әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, сүйінші сұраған. Алайда, әншінің өзі қуанышымен бөліспеген. 

"Кішкентайдың бауы берік болсын, інім", - деп жазды Досымжан Таңатаров. 

Жазбаны көрген әнші Досымжан Таңатаровқа алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Ал желідегілер жарыса пікір жазып, әйелін жұрттан жасыратын Ернар Айдарды әке атануымен құттықтаған. Олар әншінің перзентіне бауы берік болсын айтып, ақ тілектерін жаудырды.

"Өзіңіз сияқты сымбатты болып өссін", "Жарайсың, бауырым! Үлкен азамат болсын", "Балапаныңның өмір жасы ұзақ болсын", "Балаларыңыз көп болсын", "Бауы берік болсын", - десті жұрт. 

Алайда, өнер иесінің келіншегі қыз босанған. Бұл туралы әншінің қарындасы желідегі парақшасына жазба қалдырыпты. Өзінің жылғыз қыз екенін айтқан ол сіңлілерінің қатары көбейгенін айтты. 

"Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше қуанышты күн. Жүрегім, қамқоршым, егізім, ағатайым әке атанды.Тағы да әпке болдым. Жалғыз қыз деп Алла сіңілдерімді көбейтіп жатыр. Қуанышымды сөзбен жеткізе алмаспын", - деп жазды Жазира Айдар. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ернар Айдардың келіншегі өзінің тыңдарманы болғанын жазған едік.


Ана туралы қазақша 5 үздік өлең

Талқылау