Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

Батыс Қазақстан облысында 1 сәуірде су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Тиісті шешімге облыс әкімі Нариман Төреғалиев қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: b2bis.kz

Төтенше жағдайды жою басқармасының басшысы қызметіне Батыс Қазақстан оьлысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов тағайындалды.

Су тасқыны салдарынан өңірде күрделі жағдай қалыптасты. Облыстың Сырым, Теректі, Қаратөбі, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлерді су басты.



"Ресейден бастау алатын бес трансшекаралық өзенде су деңгейі көтерілуде. Соның салдарынан Қазталов және Жанғалы аудандарына құятын Қараөзен мен Сарыөзен өзендерінің су деңгейі көтеріледі. Қазір бұл аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Шаған мен Дерқұл өзендері қауіпті деңгейге жетіп, Жайық өзеніндегі су көлемі артып келеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде төрт мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның жартысы балалар. Су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел эвакуациялау пункттері ұйымдастырылып, қажетті жағдай жасалуда", – делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік,  бұған дейін Қарағанды ​​облысында су тасқынының екінші толқыны болады деп болжанғаны туралы жазған едік. 

Талқылау