Батыс Қазақстан облысында үрлемелі матраста отырған әйелді толқын жағадан алып кеткен
Батыс Қазақстан облысында үрлемелі матраста отырған әйелді толқын жағадан алып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 30 шілде күні кешке Шалқар көлінде болған. Әйел жағадан алыс жерге үрлемелі матраспен жүзіп кеткен. Оған құтқарушылар көмектескен.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі суға түсу маусымы басталғалы (1 маусымнан бері) облыста алты адам суға кеткенін атап өтті. Республика бойынша су айдындарынан барлығы 78 адам қаза тапқан. Оның 21-і балалар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстауда үрлемелі матраста шомылған үш қызды толқын теңізге ағызып кеткені туралы жазған едік.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі