Батыс Қазақстан облысында 6 адам тамақтан уланып қалды
Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында алты адам тамақтан уланып, ауруханаға түсті.

12, 13 және 14 мамыр күндері 6 адам тамақтан уланып, Бөрлі аудандық орталық ауруханасына түскен.
Алты адамның бесеуі Қарашығанақ кен орнында істейтін жұмыскерлер. Алғашқы күні уланған төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Ал 13-14 мамырда ауруханаға түскендердің жағдайы қалыпты. Олар жалпы палатаға ауыстырылған.
Жансақтау бөлімінде жатқанның біреуі жұмысшының әйелі. Ол күйеуі жұмыстан алып келген пластикалық ыдысқа салынған тамақты жеген көрінеді.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”