"Батырхан үйреткен": Валерий Меладзе Ержан Максиммен қазақша сөйлесті
Валерий Меладзе «Голос. Дети» байқауында Ержан Максиммен қазақша сөйлескен, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Talklike» бағдарламасына сілтеме жасап.
.%5B1%5D.jpg)
Бұл жайлы Ержанның анасы айтып берді. Бастапқыда Меладзенің өзі Ержан тек қазақша сөйлегендіктен, жұмыс істеу қиын болатынын жеткізген. Алайда, Ержанның тәлімгері Батырхан Шүкеновтен үйренген қазақшасымен-ақ дарынды жас әншімен тілдесе алған көрінеді.
«Жеке дайындық кезінде бізден «Қайырлы күн» деген «Добрый день» мағынасындағы сөз ғой деп сұрағанда, қайдан білесіз деп таңғалыстық. Ол бұл сұрағымызға «Батырхан үйреткен» деп жауап берген болатын», - дейді Гүлмира Әлібек.
Байқау барысында да Ержанның дауысына тәнті болған Валерий «Кел, жаныма отыр, айналайын» деп жұртты қазақша сөйлеп таңдандырған болатын.
Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов пен Валерий және Максим Меладзелер жақын дос болған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар