Бәстен жеңіліп қалған ер адам қарызын төлеу үшін өз әйелін бере салмақ болды
Үндістанда құмар ойынына салынған ер адам ұтылып қалып, қарызының өтемі ретінде әйелін ұсынған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Құмар ойынына салынған Бинод Кумар Шах бәстен жеңіліп қалған. Ол қарызының өтеу үшін, жеңімпазға өтемақы ретінде өз әйелі Чанда Дэвиді ұсыныпты. Басылымда хабарланғандай, әйелі өзге ер адаммен бірге кетуден бас тартқанда, күйеуі оған тап берген.
Дэви болған жағдай туралы полицияға хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Әйелдің айтуынша, күйеуі кешке үйге келіп, бәстен жеңіліп қалғанын және ертең ер адам келіп, «ұтысын» алып кететінін айтқан. Алайда әйел бөтен азаматпен кетуден бас тартқанда, Шах оған тап береді.
Полицияға арызданған Дэви оқиғадан кейін күйеуінен кетіп қалыпты. Қазіргі уақытта ол ата-анасымен бірге тұрып жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"