«Басшылық орысша ғана айтуды тапсырады»: Танымал жазушы Атырауда сауда үйінде болған жағдайды айтып ашуланды
Атырауда «Байзат» сауда нүктесінің қызметкерлері клиентке қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқан. Өйткені басшылық оларға орысша ғана жауап беруді тапсырыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видеоны жазушы Арман Асылбекұлы өз Facebook парақшасында жариялады. Оның айтуынша, оған сауда үйінің әкімшілігі қазақ тілінде жауап беруден бас тартыпты.
«Атырау қаласының орталығында орналасқан «Байзат» сауда үйіндемін. Мұнда мемлекеттік тілдің тапталуы жүріп жатыр. Аға-кассир маған орыс тілінде жауап берді. Сөйтіп сауда үйінің әкімшілігіне келіп сұрап едім «Бізге басшылық орыс тілінде сөйлеуге тапсырма береді» дейді. Яғни, мемлекеттік тілде емес, өзге орыс тілінде сөйлеуіміз керек екен», – дейді жазушы видеода.
Жазушы сауда орындарда қазақ тілде жауап беруді талап ететінін айтып, басқа азаматтарды өзін қолдауға шақырды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі