Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасын еуропалық бапкер басқарады
Қазақстан ерлер баскетбол құрамасының бас бапкері болып армян маманы Тигран Гекчян сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Arpi Beglaryan
Қазақстан баскетбол құрамасы Азия Кубогының іріктеу ойындарын жаңа бас бапкермен бастайды. Бұл ақпаратты Қазақстанның баскетбол федерациясы баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық құраманы Катар және Иран командаларына қарсы өтетін ойындарға Тигран Гекчян дайындайды. Армян маманы Қазақстандағы "Барыс Атырау" командасындағы жұмысымен танымал.
Сонымен қатар, Гекчянның бапкерлік штабында ресейлік Евгений Овсянников пен қазақстандық екі жаттықтырушы — Александр Лысяк және Тимур Сұлтанов жұмыс істейді.
Айта кетейік, Катар және Иран құрамаларына қарсы ойындар 21 және 24 ақпанда Астанада өтеді.
Баскетбол федерациясы аталмыш матчтарға дайындықты бастаған Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады:
Шаим Қуанов — "Тобыл" БК, Қостанай қаласы
Рустам Мырзағалиев — "Астана" ПБК, Астана қаласы
Руслан Айтқали — "Астана" ПБК, Астана қаласы
Олег Балашов — "Динамо" БК, Новосибирск қаласы (Ресей)
Антон Быков — "Тобыл" БК, Қостанай қаласы
Дмитрий Гаврилов — "Irbis-Alatau Almaty" БК, Алматы облысы
Владимир Иванов — "Университет-Югра" БК, Сургут қаласы (Ресей)
Николай Бажин — "Irbis-Alatau Almaty" БК, Алматы облысы
Асқар Майдкин — "Астана" ПБК, Астана қаласы
Максим Марчук — "Каспий" БЦ, Ақтау қаласы
Роман Марчук — "Каспий" БЦ, Ақтау қаласы
Александр Жигулин — "Irbis-Alatau Almaty" БК, Алматы облысы
Александр Оразбеков — "Астана" ПБК, Астана қаласы
Роберт Пан — "Тамбов" БК, Тамбов қаласы (Ресей)
Марат Әділхан — "Тобыл" БК, Қостанай қаласы
Даниил Севергин — "Алматинский Легион" БК, Алматы қаласы
Вадим Щербак — "Астана" ПБК, Астана қаласы
Даниель Альбрандт — "Алматинский Легион" БК, Алматы қаласы.