Төрт жасар бала көлік терезесін жауып қалып көз жұмды
Ресейдің Ставрополь өлкесінде әкесінің көлігінде ойнап жүрген төрт жасар бала басын терезеге қысып көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетінің аймақтық департаменті мәлімдеді.
Бүлдіршін басқа балалармен ойнап жүріп әкесінің көлігінің артқы орындығына отырып алған. Ол терезеден басын шығарған сәтінде терезенің басқару түймесін байқамай басқан. Басы қысылған бұлдіршін түймені қайта баса алмаған.
Кейін Балалар ауруханасының жансақтау бөліміне дереу жеткізілген бала есін жимастан көз жұмды.
Бакалавриат 3 жылға қысқарса, Қазақстан студенттерін не күтіп тұр: Ұта ма, ұтыла ма
Үш жылдық форматқа көшу университет шығынын немесе студенттің оқу ақысын автоматты түрде азайтпайды
"Бес құрсақ көтеріп, бәрінен айырылып қалған": 51 жасында ана атанған маңғыстаулықтың жүктілігі қалай өтті
Әйел өмірінде бес рет құрсақ көтерген