Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа қалаға бір жарым миллион": Отандық жұлдыздардың гонорары қанша?

Еліміздің бірқатар шоу-бизнес өкілдері өз гонорарының мөлшерін айтты. Әнші, актриса Салтанат Бақаева әлеуметтік желідегі парақшасында отандық жұлдыздармен шағын сұхбат жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©moldir.auyelbekova/nnurbolkhann/erkebulan.kumarov/aya_funk

Мөлдір Әуелбекованың қаламақысының мөлшері іс-шараның қай қалада өтетініне байланысты екен.

“Басқа қалада 1 жарым миллион, Алматыда 1 миллион”, – дейді Мөлдір Әуелбекова. 

Жайдарманшы, әзілкеш әрі шоумен Нұрболхан Шарапов өз еңбегін 2 мың долларға бағалайды. Ал жастар арасында “Aya Funk” деген лақап атпен танымал Аян есімді жас әнші 1 миллион теңгеге өнер көрсететінін айтты. 

“Жылыр көйлек” деп шырқайтын Еркебұлан Құмаров бұл сұраққа нақты жауап бермеді. Тек екі санын көрсетті. Өнер иесі 2 миллионды меңзеді ме, әлде 2 мың доллар дегісі келді ме, белгісіз.

Талқылау