Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басынан ойыншықпен ұрған": Павлодарда балабақша тәрбиешісінің балаларды ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалған

Павлодарда балабақша тәрбиешісінің балаларға дөрекі қарым-қатынас жасаған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Балалардың ата-аналарының айтуынша, видеода мұғалімнің балаларға дөрекі қарым-қатынас жасағаны, бір қызды себепсіз арқасынан, бір баланы желкесінен итеріп, тағы бір баланың басынан ойыншықпен ұрғанын көруге болады. Сонымен қатар әйелдің балаларға ұрсып жатқаны анық байқалады.

Ата-аналар кейінгі кезде балаларының үрейленіп, кейбірінің балабақшаға барудан бас тартқанын айтты.


Ақтаудағы балабақшада 12 балаға бар-жоғы 4 тәрелке тамақ берілген (видео)


"1 шілдеде Павлодар қаласындағы балабақшаның ортаңғы тобының ата-аналары бейнебақылау камераларын қарауды өтініп, басшының міндетін атқарушыға жүгінді. 2024 жылғы 26-27 маусымдағы күндізгі жазбаларды қарау кезінде мұғалімнің дөрекі қарым-қатынас фактісі тіркелді. Қазір мұғалім жұмыстан босатылды", – деді Павлодар қалалық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдралин. 

Сондай-ақ білім бөлімі бұл оқиға туралы ата-аналардың шағымынан кейін ғана білгенін қосты.

"Балабақша директоры демалыста. Білім бөліміне дер кезінде хабар бермегені үшін барлық материал құқық қорғау органдарына беріледі", — деді Қыдралин.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодардағы балабақшада психоневрологиялық есепте тұрған әйел жұмыс істегені туралы жазған едік. 

Талқылау