Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басым бөлігі қалада тұрады – Қазақстан халқының саны туралы мәліметтер жарияланды

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы 1 желтоқсандағы Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 1 желтоқсанда 20 миллион 265 мың 320 адам тұрған. 2024 жылдың басымен салыстырғанда қазақстандықтардың саны 231 мың 478 адамға өскен. Табиғи өсім 217 мың 133 адам, таза көші-қон есебінен өсім – 14 мың 345 адам болды. 

Қазақстанда миллионнан астам халқы бар үш қала: Алматы – 2 миллион 286 мың 328 адам, Астана – 1 миллион 520 мың 756 адам және Шымкент 1 миллион 253 мың 280 адам.



Миллионнан астам тұрғыны бар облыстарға: Түркістан (2 миллион 154 мың 304 адам), Алматы (1 милллион 557 мың 932 адам), Жамбыл (1 миллион 222 мың 411 адам) және Қарағанды ​​(1 миллион 134 мың 002 адам) кіреді. 

Қазақстандықтардың басым бөлігі қала тұрғындары – 12 миллион 629 мың 615 адам. Ал ауылдық жерлерде 7 миллион 519 мың 966 адам тұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халқының саны 1 шілдедегі жағдай бойынша 20 159 707 адам болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау