Басы мұздатқышқа, қалған бөліктері қапшыққа салынған: Ақтөбе облысында ер адамның бөлшектелген денесі табылды
Ақтөбелік полиция бір ай бұрын жоғалып кеткен Хромтау тұрғынының мәйітін тапты. Оның денесі бөлшектеліп қапшыққа салынған, ал басы мұздатқыштан табылған. Тәртіп сақшылары күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ozon.kz
Бұған дейін желіде Хромтау маңында мұздатқыштан жоғалған ер адамның басы табылған еді. Оның денесінің басқа бөліктері сөмкелерге салынған.
Мәйіттің табылғанын Ақтөбе облысының полиция департаменті растады. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Тергеу барысында екі адам анықталып, ұсталды. Қазір сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген хабарламада.
Іс бойынша қажет сараптамалар тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Таиланд билігі жоғалып кеткен неміс кәсіпкерінің бөлшектелген денесін мұздатқыштан тапқаны туралы жазған едік.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"