"Бәсекелескен": Астанада Ұлттық ұланның сарбазы жасөспірімді құтқарып қалды
Астанада Ұлттық ұланның сарбазы жас баланы судан құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, 15 маусымда сағат кешкі 19:50 минутта Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбазы патрульдеу кезінде жас баланы құтқарған. Қаланың 63 мектебінің оқушысы Ақбұлақ өзені жанында болып, өзеннің бір жағынан екінші жағасына өтуге бәсекелесіп, нәтижесінде өздігінен судан шыға алмаған.
Осы уақытта қатардағы жас сарбаз Махмет Әлішер жағдайды жедел бағалап, суға түсіп, 2008 жылы туған жасөспірімді судан құтқарып, жағаға алып шыққан.
Бұл жағдай қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, алайда жедел әрекеттердің арқасында тағы бір өмір құтқарылған.
"Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз! Өзіңізге және жақындарыңызды сақтаңыз!",- деп шақырады ҚР ТЖМ.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді