"Бас сауғалайтын жер болады": Депутат Астанада метро салуды ұсынды
Мәслихат отырысында депутат Астанада жерасты метросын салуды ұсынды. Оның айтуынша, оқыс жағдайда бұл тұрғындарға бас сауғалайтын жер болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pexels порталынан алынған
Депутат Динара Оразалина Астанада метро салу туралы ойланып көруді ұсынды.
"Құқықтық тәртіп жөніндегі комиссия мүшесінің ұсынысы ретінде әлі де елордада жерасты метросын салу туралы ұсынысыма ойланып көрсеңіздер.
Бейбіт уақытта ол біздің қиын ауа райы жағдайында тұрғындардың қозғалысы үшін қызмет етеді. Ал көлденең төтенше жағдай бола қалса, метро бас сауғалайтын жерге айналады", – деді Оразалина.
Еске салсақ, бұған дейін Елордадағы LRT құрылысының ақыры қайта жанданғанын хабарлаған едік.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған