Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз алып қашқандар 4-7 жылға сотталады - Бас прокуратура

ҚР бас прокуратурасы қыз алып қашқандарға қандай жаза тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура өкілі салт-дәстүрді қылмыстан ажыратудың ең бірінші тәсілі қыздың келісім беріп, бермеуін анықтау екенін айтты.

“Қыздың келісімінсіз алып қашқандардың әрекеті ауыр қылмысқа жатады. Олар қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша 4-7 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал егер кәмелетке толмаған қызды алып қашса, 7-12 жылға дейін сотталып, мүлкі тәркіленеді”,- деді өкіл.



Сонымен қатар прокуратура қызды топ болып алып қашқандар өміріне қауіп төндіріп, денсаулығына нұқсан келтірсе, өлім жағдайына дейін апарса, ең қатал жаза ретінде 15 жылға бас бостандығынан айырылатынын жеткізді.

Осындай жағдайларға куә болғандарға 102 нөміріне хабарласып, көліктің нөмірі, түсі, түріне назар аударуға кеңес берді. Деректерге сәйкес мұндай жағдайда арыз жазылмаса да, куәгерлік негізде тергеу жұмыстары жүргізіледі. Егер алып қашудың құрбаны болған адам ешқандай қылмыстық залалсыз босатылса, айыпты да жауапкершіліктен босатылады. 

Талқылау