AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұбайым алып қашып кетті": Қазақ азаматына тұрмысқа шыққан орыс келіншек отбасы, қазақ тілін үйренуі жайлы айтты

38 жастағы Галяс Марина Ивановна қазақ және орыс тілінде еркін аударма жасайтын мықты маман. Қарағанды облысының тумасы. Қазақ тілінде еркін сөйлеп, қазақи дәстүрді өзіне жақын тартады. Орыс ұлтынан болса да, қазақ ауылында өсіп, қазақ азаматына тұрмысқа шыққан. Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында ол өзін қазақ азаматы алып қашқанын, мұны отбасы қалай қабылдағанын, мемлекеттік тілді үйренуі жөнінде айтып берді.

Галияс Марина Ивановна, жеке архивтен

38 жастағы Галияс Марина Ивановна қазақ және орыс тілінде еркін аударма жасайтын мықты маман. 

Ұлытау ауданы Қарсақбай кентінде туып өскен Марина Ивановна тілді үйренуге ортасы әрі ынтасы әсер еткенін айтады. Қазіргі уақытта ол Қарағанды қаласында “Шахтер” Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында аудармашы. 

“Қазақ балаларымен араласып, сол ортада өскен соң мемлекеттік тілде еркін сөйлеймін. Негізінен өзім орыс мектебін бітірген адаммын. Тілді үйренуге өз ынтам, қабілетім болды. Бізбен бірге басқа ұлт өкілдері де тұрды. Бірақ қазақ тілін меңгергендері көп болмаған сияқты. Әркімнің жолы әртүрлі ғой”, – дейді ол.

Марина Ивановна филология мамандығы бойынша білім алып, қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасайды. 2007 жылдан бері аудармашы ретінде жұмыс істейді. 

“Негізінен құжаттармен жұмыс істеймін. Қалалық, облыстық, халықаралық деңгейді түрлі чемпионат, жарыс, турнирлардың салтанатты ашылу рәсімдерін екі тілде жүргіземін. Мәселен, “Шахтер” футбол клубының үйдегі ойындары мен Еуропа кубоктарын үш тілде дыбыстаймын. Ағылшын тілі деңгейім қазақ тіліндей еркін болмаса да, оқып, жүргізуге жетеді”, – дейді ол.



Қазақ тілінде еркін сөйлейтін “қабілетін” өзге адамдар байқағанда қатты таңғалатынын жасырмайды. 

Көбіне: “Қазақшаны қайдан білесің? Қайдан үйрендің?” деп сұрайды дейді. 

Марина Ивановна қазақ ер азаматына тұрмысқа шыққан. 

“Әуел баста қазаққа тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Жолдасыммен достарым арқылы таныстым. Ол мені алып қашты. Тұрмысқа шығамын деп айтқан жоқпын, танысып, кездесіп, бір-бірімізді жақсылап танып үйлену туралы шешімге келдік. Алып қашқан күні үлкен үйдегі әжелері қазанға май құйып отырып: “Атың кім”? деді. “Марина” дедім. Сөйтсем әлгі жерде сен бүгіннен бастап “Мадина боласың” дегені бар. Осындай қызық оқиға бастан өтті. Қарап отырсам, 20 жылдай уақыт өтіпті”, – дейді кейіпкеріміз. 

Салт бар екенін білсем де, оған дайын емес едім дейді Марина Ивановна. Айтуынша, әке-шешесі бұл жоралғыны қалыпты қабылдап, қарсы болмаған. 

“Кейін артымнан қуғыншылар келді. Босағаны аттаған соң, бір күн ғана көрген адам емес қой деп, келісімімді бердім. Отбасым қарсылық білдірген жоқ. Тек күтпеген жағдай еді мен үшін. Алып қашқан кезде сәл қорқып қалғаным бар. Дегенмен жұбайымның туыстары да қуанышпен қарсы алды. Осы күнге дейін ешқандай келеңсіздік болған емес”, – дейді ол.

Сөзінше, дәстүр мен жоралғы бойынша аса таңғалдырғандары болмаған. Себебі бұл жайлы аз-маз білгені болған.

“Өзім ауылда өскен соң шет жағасын естіп-біліп жүрдім. Әрине, бірден бәрін білу мүмкін емес. Бірақ ауылда анамның үйреткені бар, өзімнің шамамен білетінім бар дегендей. Ал негізгі дәстүрді кейін білдік. Осы күнге дейін үйреніп келеміз. Бәрін білемін деп айта алмаймын, әрине. Осы дәстүрді сақтап, балаларыма да үйретемін”, – дейді ол. 

Қазір отбасының екі баласы бар.

“Үлкен қызым 9-сыныпқа көшеді, кіші ұлым биыл балабақшаны бітірді. Екеуі де қазақша біледі, сөйлейді. Биыл Алла амандығын берсе, мектеп табалдырығын аттайын деп отыр”, – дейді келіншек.

Марина Ивановна өз сөзінде ауыл тіршілігі адамдарды бір-бірімен жақындастыратынын айтып өтті. Осы себепті де қазақи дәстүрге қанық, тілге берік.

“Ауылда көрші-қолаң жақсы араласады, орыс, қытай деп бөліп жармай ұйымшыл болады. Біз осындай отбасыда өстік. 

Қазір қай бағытта болсын да әрбір азамат үшін Қазақтанда туып өскен соң тілді білу керек. Бұл парыз, міндет мен үшін. Осы жердің, елдің тілін, салт-дәстүрін білуге тиісті. Үйренемін деген адамның қолынан бәрі келеді. Бүгінде мемлекеттік тілді үйренуге барлық жағдай жасалған.  Жастарға, балаларға да айтып жүрмін”, – деп бөлісті ойын ол.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр