"Басы-қасында өзім жүрмін": Димаш Құдайбергеннің қарындасы отбасылық бизнесі туралы айтты
Өнерлі Айтбаевтар отбасының мүшесі, Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген жеке кәсіпке бет бұрып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол “Оян” бағдарламасына сұхбат беріп, жеке кәсіппен айналысып, мейрамхананы басқарып отырғанын жасырмады.
“Мейрамхана ашу отбасылық идея десем болады. Ата-анамның, әсіресе, әкемнің тарапынан туған ой. Соны біз де ұнатып, қостап, қолдап кеттік. Бірден құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бизнес саласының қыр-сырын меңгеруге ізденіс жүргіздік”, – деді жас кәсіпкер.
Димаш Құдайбергеннің қарындасы ашылғанына жарты жыл болған мейрамхана жұмысына өзі басшылық жасап, келісім-шарт жасайтынын айтты.
“Идея ортақ болғанымен, басы-қасында өзім жүріп үйреніп кеттім. Барлық ұсақ-түйек шаруасына, ұйымдастыру жұмыстарына өзім араласамын. Әрине, негізгі шешімдер ата-анамнан болады. Бірақ күнделікті өзім бас-көз болып, ұжыммен сөйлесіп, басқарамын. Қазақ мәзірі, қазақ асханасы өте бай. Біз білмейтін мыңдаған тағам түрі бар. Оның бәрін түрлі этнографтар, ғалымдар зерттеген. Ал біздің мәзірде 66-дан астам тағам түрі бар. Жақында 30-ға жуық тағам түрін қосамыз”, – деді Раушан.
Еске салайық, RAMS Qazaqstan компаниясы Димаш Құдайбергеннің Ыстамбұл қаласында өткен концертіне қолдау көрсетті.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды