Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді
Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты істі тергеу аяқталғанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Іс бойынша тергеу амалдарын әскери прокуратура қадағалады. Қылмыстық іс аяқталды. Қазір ол соттың қарауында. Ол мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз. Ол аталған қылмысты жасаған кезде демалыста болған", - деді Мақсат Қазиев Сенат кулуарында тілшілердің сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар тілшілер оның кінәсі дәлелденсе қандай шешім шығуы мүмкін екенін сұрады.
"Нақты үкімді сот шығарады, яғни тиісті шешім жарияланады", - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.
Еске салсақ, наурыз айында Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың Алматыда адвокаттарды соққыға жыққаны жайлы видео тарады.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті