"Барлық отбасылық": Алматыдағы сауда дүкенінің сыртқы жарнамасында қате кетті (видео)
Алматыдағы Розыбакиев 49 мекенжайында орналасқан Cotton киім-кешек дүкенінің сыртқы жарнамасында қате кеткен. Stan.kz тілшісі дүкен иесінің меншігіне барып, қате жарнама туралы сұрап білді.
Фото: Stan.kz коллажы
Дүкен орысшадағы "для всей семьи" деген сөзді, қазақшаға "барлық отбасылық киімдер деп қате аударды.
Бұл сөзді қазақшаға "барлық отбасына арналған киімдер" немесе "отбасылық киімдер" деп аударған дұрыс. Себебі мұнда киімнің кімге арналғаны, яғни қай меншік иесіне тиесілі екені айтылмай тұр. "Отбасына" деген сөз "кімге" деген сұраққа жауап беріп тұр.
Жарнамаға қатысты дүкен иесі не деп жауап берді?
Дүкенге кіріп, мән-жайды сұраған кезде администратор ат тонын ала қашты. Әкімшілік тарапынан администратор жауап бермегеннен кейін дүкен күзетшісі сұрақтарымызға жауап беріп, алдағы уақытта жарнамадағы қатенің түзелетінін айтты.
Айта кетейік, 24 мамырда dictant.stan.kz парақшасында республикалық онлайн диктант өтеді. Оған кез келген адам қатыса алады.
Биыл қандай ұтыс ойнатылады?
Диктантты қатесіз жазып, ең жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылардың арасында 200 мың теңгеден 10 адамға қаржылай сыйлықтар ойнатылады. Жүлдеқоры – 2 миллион теңге. Жобаның демеушісі – “Dauletten” қоры.
Ескерту: Ұтысқа шынайы атын-жөнін жазғандар ғана қатыса алады. Бұған қоса диктантты бірнеше рет жазған қатысушылар ұтыс ойынына жіберілмейді.
Диктант қай уақытта басталатынын білу үшін Telegram-да Stan.kz парақшасына жазылыңыз немесе біздің қосымшаны жүктеп алыңыз.