"Барлық баланың арманы": Динара Сұлтан анасына ерекше сыйлық жасады
Танымал әнші, отандық байқаулардың жүлдегері Динара Сұлтан анасына ерекше сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dinara_sultan1/
Өнер иесі анасының 60 жасына көлік сыйлады. Анасы қызынан қымбат сыйлық күтпегенін айтып, көзі жасына ерік берді.
“Әр баланың арманы – анасын қуанту, үмітін ақтау. Анамыздың мерейтойына орай, күйеу баласымен ақылдасып, ерекше тосынсый жасағымыз келді. Жол талғамайтын және алыс жолға сенімді көлікті сыйға тарттық", – деп жазды әнші.
-
"Құны – 400 мың теңге": Танымал блогер Қайрат Нұртасқа қымбат көзілдірік сыйлады
-
"Анасына арналған күтпеген тосынсый": Алматылық азамат Tele2 операторы арқылы көлік ұтып алды
Желі қолданушылары әншінің анасына ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. Енді бірі көліктің құнын да есептеп үлгерген.
“Анаңыздың туған күні құтты болсын!”, “Динараның жолдасы өзінен үлкен болса да, өте жақсы кісі. Әйелінің туған-туысқандарына көмектесіп тұрады”, “Тұлпары міністі болсын!”, “13 миллион теңгеге көлік мініп жатқан анаңызда арман жоқ” деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, өнер иесі 14 жылдан кейін күйеуімен заңды неке қиып, сынға қалған еді.