Синоптиктер: Күн 20 градусқа дейін жылынады
Қазақстан бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды. "Қазгидромет" мамандары Қазақстанда күн жылынып, температура жоғарылайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көктем келгенімен, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары оны әлі сезіне алмады. Алдағы күндері циклон Жерорта теңізінен еліміздің аумағына ауыса бастайды, онымен бірге ылғал мен жылудың үлкен қорын алып келеді. Сонымен қатар жаңбыр жауып, ауа температурасының көптен күткен жоғарылауы болжанады.
Солтүстік аймақтарда термометр бағандары күндізгі уақытта 0-5 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақтарда тіпті 15-20 градусқа дейін көтеріледі.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды