"Барлығына 50%": "Евразия" СК авто, пәтер және туристерді сақтандыруға жеңілдіктер жариялады
Жаңа жыл – сыйлықтар сатып алып, туыстарымыз, жақындарымызбен кездесіп, отбасымызбен уақыт өткізетін ерекше мереке. Алайда, тек қана жаңа жылда ғана емес өміріміздің кез келген сәтінде жағымсыз жағдайлар болып қалуы мүмкін. Жол көлік оқиғасы, құбырдың жарылуы жағдайлары орын алып, кенеттен ауырып та қалуымыз ықтимал. Сондықтан өзіңізді және өміріңізді сақтандыру әртүрлі жағдайлардан қорғануға және мереке кезінде алаңсыз көңіл көтеруге көмек берері сөзсіз.
"Евразия" сақтандыру компаниясы мерекеге байланысты өз клиенттеріне сыйлық жасамақ. "Барлығына 50%” акциясы аясында автокөлікті (КАСКО), жылжымайтын мүлікті және туристерді ерікті сақтандыру бағдарламалары бойынша полистерді жеке тұлғалар 50% жеңілдікпен сатып ала алады. Акция 2023 жылдың 21 желтоқсанынан 2024 жылдың 13 қаңтары аралығында жүргізіледі.
"Құбырыңыздың жарылуы немесе кенеттен жол-көлік оқиғасы түсу секілді жоспарланбаған шығындар мерекелік көңіл-күйіңізді бұзуы мүмкін. Сіз пәтеріңізді немесе көлігіңізді сақтандыру арқылы мүлкіңізді су тасқынынан, апаттардан және зиянкестік әрекеттерден құтқарып, отбасылық бюджетіңізді үнемдей аласыз", – деп түсіндірді "Евразия" СК басқарма төрағасының орынбасары Нуржан Джантуреев.
Жасыратыны жоқ, ауа райына байланысты қыс мезгілінде әртүрлі жағдайлар орын алып, сақтандыруды қажет етуі ықтимал. Өйткені қатты аяздан техника мен инфрақұрылымға зақым келетіні анық. Сонымен қатар жаңа жыл кезінде адамдар үйінде көп болмағандықтан, ұрлықтың да артатыны белгілі.
"Біз өз клиенттерімізге сыйлық беруді және жеке тұлғалар арасында ең танымал бес ерікті сақтандыру өніміне, соның ішінде авто КАСКО-ға 50% жеңілдік жасауды жөн көрдік. Полисті алып үлгеріп қалыңыз, осылайша келесі жылы да мүлкіңіздің қорғалатынына сенімді болыңыз", – деп толықтырды "Евразия" СК өкілі.
50% жеңілдік келесі бағдарламаларға қолданылады:
• SmartCASCO – автомобиль көлігін барлық тәуекелдерден сақтандыру;
• YesCASCO – автомобиль көлігін ЖКО-нан сақтандыру;
• SmartHOUSE – жылжымайтын мүлікті сақтандыру: үй немесе пәтер;
• Light House – пәтерді сақтандыру;
• саяхатшылар үшін – туристерді сақтандыру.
SmartCASCO бағдарламасы аясында автокөлік барлық классикалық тәуекелдерден сақтандырылады: өрт, ұрлық, заңсыз әрекеттер, табиғи құбылыстардың салдары, ал ЖКО үшін төлемді жүргізушінің кінәсі болған жағдайда да алуға болады.
YesCASCO сақтандыру бағдарламасы жүргізушінің кінәсінен жол-көлік оқиғасы кезінде келтірілген залалдан 1 млн теңгеге дейінгі сомаға автокөлікті салыстырмалы түрде аз ақыға сақтандыруға мүмкіндік береді. YesCASCO полисінің құны 3 мың теңгеден басталады (жеңілдікті есепке алмағанда).
Light House пәтерді, атап айтқанда жөндеу жұмыстарын, техниканы және құбыр жарылып, төмендегі пәтер зардап шеккен жағдайда көршілеріңіздің алдындағы жауапкершілікті сақтандыруға мүмкіндік береді.
SmartHOUSE сақтандыру бағдарламасы бойынша үйді және оның қабырғаларын 100 млн теңгеге дейінгі сомаға жер сілкінісі, сел, көшкін, өрт және т.б. сияқты апатты тәуекелдерден сақтандыруға болады.
Саяхатшылар ауру, жазатайым оқиға, улану, жарақат және т. б. салдарынан шетелдік ауруханалардағы медициналық шығындарды өтеу үшін сақтандыруды сатып алуына болады.
"Жаңа жыл құтты болсын! Жазатайым оқиғалар сізге және сіздің мүлкіңізге зардап тигізбесін. Ал егер бірдеңе болып жатса, онда біз өз клиенттерімізді қиын сәтте қолдауға дайынбыз, өйткені клиенттеріміздің сақтандыруы бар", – деп қорытындылады Джантуреев мырза.
Жеке тұлғалар eurasia36.kz сайтында полисті онлайн немесе тікелей компанияның кеңсесінде рәсімдеу кезінде жеңілдікті пайдалана алады.
"Барлығына 50%" акциясының шарттары бойынша толық ақпаратты "Евразия" СК колл-орталығынан 5678 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша алуға болады.
Акция шеңберінде 50% жеңілдік тек кепілде жоқ мүлікке ғана қолданылады.
26.12.2022 ж. ҚНРДА лицензиясы № 2.1.20