Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлығы біле бермейді": Динара Сәтжан тарихқа қатысты отбасындағы құпияны бөлісті

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан отбасылық құпиясын бөлісіп, тарихтан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/dinarasatzhan/

Медиа маманы әулеттің ақсақалы Хамзе Сәтжан туралы айтты. 

“Қазақта “аңыз адам” деген сөз бар. Бұл біздің атамыз – Хамзе Сәтжан. Барлығы біле бермейді. Біздің атамыз Абылай ханның шапанын Ұлттық мұражайға тапсырды. Тарихи құнды шапан атамызға Байдалы биден бұйырған. Ол кісі кезінде Абылай ханның кеңесшісі болған. Бүгін атамыздың туған күні. 87-ге келді. Атамыз 100 жасқа дейін өмір сүрсе екен деп тілеймін”, – деп жазды тележурналист. 



Айта кетейік, бір жылда журналист екі бірдей ағасынан айырылып қалған еді. 

“Рашид Ағам өмірден озды… Өте мейірімді таза жан еді. Бала кезімде маған үй жинауды үйреткен. Бір күні кешке қарай Жаңаарқада біз апам үшеуіміз НЛО көргенбіз. Рас айтамын. Бірақ бізге ешкім сенген жоқ… Түсінемін, бұл өмір. Бірақ бәрібір ауыр”, – деген еді продюсер. 

Одан кейін, ақпан айында тағы бір немере ағасы көз жұмғанын айтқан еді. 

"84 жасында немере ағамыз Далабай Сәтжан қайтыс болды. Біз оны Ахке дейтінбіз. Өмір бойы, 61 жасқа толғанға дейін ол физика және математика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Ол мейірімді, сонымен қатар талапшыл және әділ болды”, – деп жазғаны ел есінде.  

Талқылау