"Барыс" клубының хоккейшілері коронавирус жұқтырды
ҚХЛ "Барыс" хоккей командасының жаппай коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Барыстың" қатысуымен ҚХЛ тұрақты чемпионатының алты матчы өтуі керек еді. Олар 18 қыркүйекте Рига Динамосымен, 20 қыркүйек Северстальмен, 22 қыркүйек Металлургпен, 21 қыркүйек Кунлунмен, 29 қыркүйек Витязбен алаңға шығатын болған. Оған қоса, 1 қазандағы Сочиде өтетін ойын да кейінге қалды. Команданың он екі мүшесінде және жаттықтырушылар құрамында коронавирус анықталуына байланысты, клуб ойындардан бас тартты.
"Континентальды хоккей лигасы матчтары кейінге қалдырылды. Күні мен уақыты әлі хабарланады. Лига ойындарды қай кезге ауыстыратынын командалармен келіскеннен кейін айтады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін "Джокериттің" қатысуымен ҚХЛ тұрақты чемпионатының бес матчы кейінге уақытқа ауыстырылғаны белгілі болды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"