"Барыс" клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев қызметінен кетті
Астаналық хоккей клубы "Барыс" құрамындағы басшылық өзгерістер туралы ресми түрде хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Нұрлан Оразбаев "Барыс" хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті”, – делінген ресми мәлімдемеде.
Оразбаев бұл қызметке 2024 жылдың күзінде тағайындалған еді. Оның кезеңінде клуб:
-
Солтүстік Америкадан келген барлық легионермен келісімшартты бұзды және бұл үшін жүздеген миллион теңге өтемақы төлеуге мәжбүр болды;
-
Балалар мен жасөспірімдер құрамаларының Ресей чемпионатындағы маусымды аяқтамауы туралы шешім қабылдады (кейін бұл шешім ҚР Туризм және спорт министрлігінің араласуынан кейін күшін жойды).
Сондай-ақ оның басшылығымен "Барыс" КХЛ тарихындағы ең нашар маусымды өткізді: 68 матчта небәрі 35 ұпай жинады.
"Макияж жасаса, күйеулері де ажырата алмайды": Егіз ағайындыға тұрмысқа шыққан егіз қыздар өмірлері туралы айтты
Екі отбасы “біздің өміріміз басқаларға қызық көрінуі мүмкін, бірақ біз үшін бұл қалыпты жағдай” дейді
"101 раушан, көлік, телефон мен жеке мобилограф": Түлектердің бітіру кешінде алған қымбат сыйлықтары қазақстандықтардың талқысына түсті
Тұрғын: “Гүл беруден жарыс па? Жұрттан қалмасын деп, қарыз алып та жатқан шығар”

