"Барыс" ҚХЛ-де жеңіске жетті
“Барыс” хоккей командасы құрлықтық хоккей лигасында жеңіп, осы маусымдағы алғашқы кубогын иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Клуб капитаны Линден Вейдің дублі қазақстандық командағы маусымның алғашқы жеңісін әкелді. Маусымның бесінші матчында челябілік “Трактор” командасына қарсы ойнап, 3:1 есебімен басып озды. Ойын Қазақстанда өтті.
Төрт ойын қатар жеңілгеннен кейін “Барыс” бапкері топтың құрамын өзгерткен. Қақпаға Никита Бояркинді қойып, Батырлан Мұратов пен Владислав Семиннің орнына Әлихан Асетов и Егор Шалаповты ауыстырды.
Матчтың алдында құрамаға Юлиус Гудачек пен канадалық ойыншы Нельсон Ножье қосылған.
Ойынның 7 минутында Линден Вей қақпаға гол салды. Санаулы уақыттардан соң, екінші голды Кирилл Савицкий еншіледі. Ойынның екінші бөлімінде ешкім гол салмады. Бірақ үшінші кезеңде челябіліктер бір гол салып, есепті 2:1 қылды. Матчтың аяқталуына бірнеше секунд қалғанда Линден тағы бір гол салып, команда 3:1 еншісімен жеңісті қанжылады.
Келесі ойын 15 қыркүйек күні Қазақстанда омбылық “Авангард” командасына қарсы өтеді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды

