"Барыс" Челябинск облысы губернаторының кубогын жеңіспен бастады
"Барыс" хоккей командасы Челябинск облысы Губернаторының кубогындағы алғашқы ойында 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Турнирдің бірінші ойынында елордалық команда "Автомобилистпен" кездесті. Матчтың бірінші кезеңінде "Барыс" Никита Михайлистің соққан шайбасының арқасында алға шықты. Екатеринбургтық команда ойынның үшінші кезеңінде таразы басын теңестірді. 50-минутта Брукс Мэйсек көзге түскен. Бірақ 52-минутта Михайлис дубль авторы атанып, "Барысқа" жеңісті жұлып алып берді.
Айта кетейік, бұл командалар осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Президент кубогінде кездескен еді. Ол ойында қосымша уақытта 4:3 есебімен ресейлік команда жеңіске жеткен.
Енді Челябідеді турнирде "Барыс" жергілікті "Трактор" және Металлург" командаларымен кездеседі. Бұл ойындар 25 және 27 тамызда өтеді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"

