Бәрін жасап үлгерді: Әлия Әнуарбек марқұм жолдасы жайлы жазба жариялап, елді жылатты
Актриса Әлия Әнуарбек марқұм жолдасы жайлы әсерлі жазба жариялады. Сүйіктісінің мінезі мен жақсы қасиеті туралы айтты. Қара жамылған көпшілік оған қолдау білдіріп, көңіл айтып жатыр.
"Туған күніне орай Азамат жайлы айтып берейін. Жігіттің көлік есігін ашып, қолын беруіне қалай қарайсыз? Азамат өте романтик еді. Ол анасына, әпкесіне, маған және қыздарына өте мейірбан еді. Жұмысында керісінше қатал, салмақты болды. Достары арасында көңілді жүретін.
Ең қиын деген келіссөздерді жүргізіп, жақсы нәтижеге жететін. Балалардың тілін тез табады. Өзгенің балаларын да тез жұбатып, өз балалары секілді қарайтын. Имам көңіл айтуға келгенде оның мешітке тұрақты түрде көмектесіп жүргенін білдім.
Мен өзімді тас қамалдың ішінде отырғандай сезіндім. Ол менің қорғаным еді. Мені көп нәрсеге үйретті. Менің ең бірінші ақылшым еді. Біз ешқашан ұрысқан емеспіз. Тату тұрдық. Ол тамақты ерекше дәмді әзірлейді. Достары арасында өзі ғана кәуәп жасайтын", - деп жазды Әлия Әнуарбек.
Актриса бұған дейін жолдасының суретін жариялап, көп жазба жариялаған емес. Жолдасы Азамат 17 қыркүйекте қайтыс болды. Оның неден көз жұмғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда актриса күйеуінің өлімі коронавируспен байланысты емес деп мәлімдеді. Соңғы күндері Азамат жайлы жазба қалдырып, ыстық естеліктерін айтып жүр.
Оған менен қарағанда сен шығармашылық адамсың деп айтушы едім. Ол жас кезінде рэперлер арасындағы қазақстандық бэтлді ұтып алған. Ән шығарып, рэп оқитын.
Өмір сүруге, сүюге асықты. Маған әлемдегінің бәрін көрсеткісі келді. Бәріне асықты. Сен бәрін жасап үлгердің, сүйіктім. Сен артыңнан үлкен із қалдырдың. Көп адамның жүрегінде қалдың. Өзің көмектескен адамдардың есіндесің. Достарың мен менің жүрегімдесің", - деп жазды Әлия Әнуарбек.
Өнердегі әріптестері мен желідегі оқырманы қазаға қайырлы болсын десіп, қолдап жатыр.
"Әлия, жаным, иманды болсын! Көңіл айтамын. Арты жақсы болсын", "Жақсы адам болған екен, қайырлы болсын", "Иманы жолдас болсын, балаларының өмірі ұзақ болсын", "Сен мықты қызсың, мойыма, өзіңді қажама", - деп жазды олар.