Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Әлия Әнуарбектің күйеуі қайтыс болды

Қазақстандық актриса Әлия Телебарисованың (Әнуарбек) күйеуі қайтыс болды.

Бұл туралы актриса Sputnik Қазақстан тілшісіне айтты.

Азамат 17 қыркүйекте қайтыс болды. Оның неден  көз жұмғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда актриса күйеуінің өлімі коронавируспен байланысты емес деп мәлімдеді.

«Осы жазбаны жазу үшін біраз ойландым. Бір жазып, қайта өшірдім. 17 қыркүйек күні Азамат өмірден өтті. Жүрегімізді мұң басты. Өмірде неге деген сұрақ көп. Біз түсіне бермейтін жайттар болады. Сен біздің жылағанымызды қаламадың. Күні кеше Бурабайда туған күнді атап өттік, қуанышымызда шек жоқ еді. Сен отырған жер үнемі қуанышқа толы. Сен бәрін күлдіре аласың. Күлкі сыйлайсың. Өнеріңмен таңғалдырасың. Сен ән айтқанда ешкімнен кем түспейсің. Қыздарыңа, жарыңа деген құрмет, махаббатың туралы мәңгі айта беруге болады.

Егер біз қандай да бір жолмен көмектесе алғанда ғой. Бірақ сен өзгеге салмақ салғың келмеді. Нағыз балуан сияқты соңына дейін күрестің. Өзің жеңіп шығатыныңа сендің. Сен біздің жүрегімізде мәңгі жас, көңілді, позитивті және талантты қалпыңда сақталасың», - деп жазды досы Гүлжан Аркен Instagram желісінде.

Әлия мен Азамат 2014 жылы шаңырақ көтерді. Екі қыз тәрбиелеп өсірді.

Әлия Телебарисова «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді ойнады.


Әлия Телебарисова: Төсек қатынасын көрсететін фильмдерге түсе алмаймын


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр