Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрін тастап, осы жерді мекен еткім келді": Жұлдыз Әбдікәрімова басқа елге қоныс аударуға қатысты ойын бөлісті

Отандық шоу-бизнес өкілі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова шетелдегі демалысын көрсетіп, сол жақта қалуға қарсы емес екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Өнер иесі ұлдары Нарұл мен Ханды ертіп, Барселона қаласына тіл үйренуге кеткен еді.

“Барселона менің көзіммен… Бұл қалада көне архитектурамен қатар, заманауи зәулім сарайларды да кездестіресіз. Әр үйдің төбесінде серуендеуге арналған верандалар бар. Қылтималар (балкондар) тіпті ерекше. Жазы ыстық. Ал қыста (+12+18️) үйлер керекті деңгейде жылытылмайды. Суды әр отбасы мүшелеріне сай өлшеп жаратады. Қала көшелерінде ұрылар көп. Алайда туристер оларды жазалай алмайды. Барселонаның жануарлар әлеміндегі символы – есек пен мысық. Көшелердегі сары ленталар – "Каталония - не Испания" дегенді білдіреді” – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар актрисаға шетелдің қатты ұнағаны сонша қоныс аудару туралы да ойының болғанын жасырмады. 

“Бәрін тастап, осы жерді мекен етсем бе деген ой келді. Артыма бұрылдым да, тез ес жиып алдым”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, актриса тұңғышы Сезімнің Корея елінде оқығысы келетінін жасырмаған еді. 

Талқылау