"Бәрі өзімдікі": Аша Матай пластикалық ота жайлы сұраққа жауап берді
Түрлі образда бой көрсеткендіктен, Аша Матайға сырт келбеті жайлы сауалдар жиі жолданады. Фанаттардың арасында Ашаны пластикалық отаға жүгінген деп санайтындар жетерлік екен. Осы ретте тележүргізуші ақиқатын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Түр-келбетіме қатысты сұрақтар көп келеді. Бұған дейін де айтқанмын, ернім де, көзім де өзімдікі. Блефаропластика да, ринопластика да (мұрынға жасалатын ота) жасатқан емеспін.
Бәрі өзімдікі. Жаратқанға және ата-анама рахмет", - деді Аша Instagram-дағы парақшасында.
Оқырманның бірі Ашаға "қас жасатуға" кеңес берді. Оған тележүргізуші:
"Берілмеген нәрсені қайтемін? Қасым қалың емес, сондықтан бояймын, бірақ бетіме бірдеңе жасауға түбегейлі қарсымын. Мүмкін жасым ұлғая келе жасатуға тура келетін шығар?!" - деп жауап берді.
Екі қызды дүниеге әкелгеннен кейін, едәуір салмақ тастаған Аша әлі де арықтағысы келетінін жасырмады.
"Бойым 157 сантиметр, салмағым 52 килограм. Тағы 5 келідей тастасам жақсы болар еді", - деп ағынан жарылды ол.
Қазақстандық әйел ЖСН-інің ашық жарияланғанын анықтады: Сайттар жеке деректерді келісімсіз жариялай ала ма
Осы жағдайға байланысты министрлік жауап берді
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)
Дін қызметкері Қазақстандағы конфессияаралық келісім деңгейін жоғары бағалады