"Бәрі ойдағыдай өтті": Нұрқанат Райыс жеңісінен кейін мәлімдеме жасады
Белградта өтіп жатқан Әлем чемпионатында 21 жастағы Нұрқанат Райыс алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстан бокс федерациясымен сұхбат кезінде Нұрқанат жеңісі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы черногориялық Стефан Саковичті төрешілердің бірыңғай (5:0) шешімімен жеңген болатын.
"Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегімді өткіздім. Барлығы ойдағыдай өтті, жаттықтырушылардың нұсқауларын орындадым. Енді жақсы нәтиже көрсету үшін келесі кездесулерге дайындаламыз. Бұл мен үшін алғашқы әлем чемпионаты. Психологиялық тұрғыдан да барлығы жақсы", - деді Райыс.
Нұрқанат 30 қарашада молдовалық боксшы Влад Гаврилюкпен жұдырықтасады.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті