"Бәрі де мүмкін": Зеленский қазақстандықтар мен басқа да посткеңестік мемлекеттердің тұрғындарына үндеу жасады
Украина президенттігіне үміткер Владимир Зеленский Кеңес одағының құрамында болған елдерді «бәрі де мүмкін» екеніне сенуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күні кеше Украинада президент сайлауының екінші кезеңінің нәтижесі жарияланды. Нәтижесінде шоумен Владимир Зеленский 73,33 пайыз, ал екінші үміткер Петр Порошенко 24,33 пайыз дауыс жинаған.
Өз мәлімдемесінде Зеленский Кеңес одағының құрамындағы елдерге үндеу жасап, «бәрі де мүмкін» екеніне сенуге шақырды.
«Бізге қараңыздаршы», - дейді ол дауыс беру нәтижесі жарияланғаннан кейін.
Telegram-арнасында жариялаған видеоүндеуінде Зеленский сайлаудағы өзінің жеңісі мемлекетті біріктіргенін атап өтті. Ол сайлауды «жауапты жұмыс» деп атап, бұл жұмысты сайлаушылардың атқарғанын айтты.
«Бастысы, біз Украинаны біріктірдік, өмірімізді біріктірдік, халқымызды біріктірдік», - дейді ол.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі