Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрі ақылы": Әнші Бақыт Шадаева Fly Arystan әуе компаниясына шүйлікті

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева отандық әуе компаниясын сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bakhyt_shadayeva/

Өнер иесі әуе компаниясының барлық қызметі ақылы екеніне наразы.

“Еш ыңғайлы емес. Біріншіден, регистрациясы ақылы. Екіншіден, қол жүгіне де ақша төлейсің. Оны өлшеу тағы да ақша. Өте ыңғайсыз. Бәрін өзіміз жасаймыз, бірақ неге ақылы?! Ескі жүйемен болмайтын ба еді?! Ескерту жоқ, өкінішті”, – деп жазды әнші. 

Алайда өнер иесі қарсы тараптың түсіндірмесін жариялаған жоқ. 

Айта кетейік, жақында Халық әртісі Мақпал Жүнісова да отандық әуе компаниясын сынаған еді. 

“Ұшақта отырғанымызға бір сағат болды, бес жолаушы жетіспейді деді. Олар келмейінше ұшпайтын көрінеді. Өткенде мен бес минут кешіккенде ұшаққа жібермей қойып еді. Түк түсінсем бұйырмасын. 8.45-те ұшатын ұшақ ұшпай әлі тұр. 150 адамның ішінен екі-ақ адам күтпей кете берейік деп дауыс көтердік. Екі сағат күтсек те, 5 адам сол күйі келмеді. Өткен жолы ұшаққа 5 минут кешіккенде мені өткізбей, билетім күйіп кеткен. Мыналарды түсіну қиын. Air astana-ға билет алып едік, Fly Аrystan-ға алмасып, сонымен ұшып келдік”, – деп жазған еді жеке парақшасына. 

Фото: https://www.instagram.com/bakhyt_shadayeva/

Еске салайық, Ұшақта Fly Arystan бортсерігіне қол көтерген қазақстандық әртістің кім екені анықталды.

Талқылау