Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістаннан келген турист қазақстандық ауруханада емделуден бас тартқан: БАҚ біздің елге қорқынышты сапар туралы жарыса жазды

Жаңа жылда Қазақстанға келіп кейін Делиге оралмақ болған үндістандықтардан әуе сапары үшін 42 миллион теңгеден аса қаражат талап етілген. Үндістандық жолаушылар желіде Қазақстанда тап болған қиындықтары мен елдеріне қайтуға кедергі келтірген жайтты айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hindustan Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Үндістандық БАҚ хабарлағандай, Джей есімді үндістандық азамат Кувейттен әйелі 4 және 6 жастағы екі баласымен бірге жаңа жылдық демалысқа Қазақстанға келген.

Алайда, Қазақстанда ол оқыстан мұзға тайып, құлап, жамбас сүйегін сындырып алған. Кейін Джей мемлекеттік ауруханаға жеткізілген. Онда оған қазақстандық дәрігерлер шұғыл операция қажет екенін айтқан.

Алайда оның әйелі елдегі денсаулық сақтаудың жергілікті стандарттарына сенбей, кеңес алу үшін малаяли қауымдастығына жүгінген. (малаяли - Үндістандағы халық, Керала штатының негізгі халқы). Қауымдастық әйелге Қазақстанда ота жасамауға, Кувейтте немесе Үндістанға келуге кеңес берген.

Алайда Джейге алған жарақатына байланысты тек науқас ретінде жатып ұшуға ғана рұқсат етіледі. Өте қиын жағдайға тап болған үнді отбасына елшілік Air Astana әуекомпаниясының телефон номерін ұсынған. Алайда, Джейдің әйелі жүгінген Air Astana да, басқа авиакомпаниялар да мұндай қызмет көрсетпейтіннін айтқан. 

Содан кейін отбасы санавиациядан көмек сұрауға шешім қабылдайды. Қазақстанның санавиациясы ұсынған төлем шоты өте үлкен болып шықты. Шамамен 70 лакх рупий (42.8 миллион теңге) сұраған. Әрине, отбасында мұндай ақша болмаған.



Кейін желіде көмек сұраған отбасыға IndiGo авиакомпаниясының инженері жауап беріп, ұшақтың салонынан 8 орындықты алып тастап, зембілді орналастыруға мүмкіндік болатынын айтқан. 

"Олар ұшуға дайындалып жатқанда, тағы бір кедергі болды. IndiGo медициналық эвакуация формасына тек сол ауруханадағы қазақ дәрігерінің қол қоюын талап етті. Онсыз да бюрократияның ауыр сынағына тағы біреуі қосылды", - деді жәбірленушінің ағасының досы.

Ол саяхатшыларды Қазақстанға ұшса, әртүрлі тосынсыйларға дайын болуға шақырды.

"Қазақстанға барар алдында жан-жақты дайындалуыңыз керек. Сізде жедел қызметтердің байланыс ақпараты, медициналық сақтандыру және жақсы аударма жасайтын қосымша болуы керек. Әйтпесе, сонда қалып қоясыз", - деп жазды ол.

Талқылау