Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға бағалы заттарды банк ұяшығында сақтау ұсынылады: Ұяшық не үшін керек және оның құны қандай

Банк ұяшығы -  бұл құнды заттарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және оларды әртүрлі қауіп-қатерлерден (өрт, ұрлық, зақым келу, жоғалту және т.б.) қорғаудың ең сенімді және ыңғайлы тәсілі. Әдетте, сейфтер орнатылған барлық үй жайлар, күзет-өрт сигнализациясымен жабдықталған және тәулік бойы күзетіледі. Осы орайда Stan.kz редакциясы Қазақстандағы банк ұяшықтары жайлы көбірек ақпарат біліп, оларда қандай заттар сақтау қолайлы, ұяшықты жалға алу құны және оны кім аша алатыны жайлы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Ұяшықта не сақтауға болады?

Шын мәнінде, банк ұяшығы – бұл банктегі жеке сейф. Сіз оны құнды заттарыңызды қауіпсіз сақтау үшін жалға ала аласыз. Құнды заттар дегеніміз: ақша, зергерлік бұйымдар, қымбат тиындар және басқа да заттар.

Ұяшықта не сақтауға болмайды?

Қару, есірткіні, жарылғыш заттарды, улы немесе радиоактивті заттарды қоспағанда, кез келген нәрсені ұяшыққа салып қоя аласыз. Ұяшықтағы өнімдерді немесе басқа заттар. Мұндай тармақ әдетте банкпен жасалған шартта болады.

  • жарылғыш, газ және суық қару;
  • жарылғыш және жанғыш заттар;
  • химиялық, есірткі және психотроптық заттар;
  • радиоакт радиоактивті, улы және басқа да улы заттар;
  • адам ағзасына және қоршаған ортаға зиянды әсер ететін;
  • азық-түлік және бүлінуге ұшыраған немесе паразиттердің таралуы тудыратын заттар;
  • өз қасиеттері бойынша кез келген нәрсеге әкелуі мүмкін басқа заттар
  • сейфті зақымдайтын, оның жұмысқа қабілетсіздігін қоса алғанда және / немесе банкке/басқа клиенттерге зиян келтіретін заттар.

Ұяшықта қаражат сақтаған тиімді ме?

GSB UIB директорының орынбасары, экономист Мақсат Халық қаражатты сейфте сақтауға кеңес бермейді.

“Бірден айту керек, банк ұяшықтары кәдімгі үйде сақтайтын сияқты сейф. Мұның қауіпсіздігі жоғарырақ. Ол жерде сейф, оның сыртында үлкен құрышпен қапталған есік болады. Осының бәрін қосқанда сізге қандай да бір дүниеңізді сақтау әлдеқайда қауіпсіз. Бұл жерде де банк тонағыштардың болуы әбден мүмкін.

Қаражатты сейфте сақтаған өте тиіміз. Себебі ол жерде ешқандай пайыз жүрмейді, сыйақы мөлшерлемесі берілмейді. Қаражатыңыз үйде сақтағаннан ешқандай айырмасы жоқ. Инфляция ақшаңызды жеп қойып отырады. Қаражатты банк ұяшығында сақтаған тиімсіз екенін атап өткім келеді”, - дейді ол.

Айтуынша, көбіне көп ұяшықтарда әшекей бұйымдар, гауһартастар сақталады.

“Әдетте ол жақта түрлі керемет сыйлықтар, наградалар, құнды қағаздарды сақтауға болады. Антиквариаттар, қымбат суреттер, әлемдік аукионнан әкелген өнердің шығармашылық туындыларын сақтауға болады”, - дейді экономист.

Мақсат Халық банктік ұяшықтардың басты артықшылығы қауіпсіздігінде екенін атап өтті. Себебі онда сіздің мүлкіңіздің сақталуы мен қорғалуына өте үлкен жағдай жасалады. Және де банктік құпия режимі деген болады, соның негізінде сіздің ұяшық ашқаныңыз туралы мәліметті ешкімге бермейді, дейді ол. Сондай ақ қаражатыңыз, ұрлануы мүмкіндігі де бар екенін айтады.

“Қауіпсіздік органдарды тұлғаны қудалау бойынша тексергенде ғана ұяшық туралы біле алады, басқа жағдайда құпияда сақталады. Қаражатыңыз, әрине, ұрлануы мүмкін. Ондай жағдайды жоққа шығаруға болмайды, себебі неше түрлі әккі ұрлықшылар табылып жатады”, - дейді ол. 

Экономист құнды заттарды қалдырып жатқан кезде “Жалға алу келісімшартын” банк ұсынса, оны толтырмай ақ қойған дұрыс екенін айтады

“Егер сіз әшекей, бұйым, жауһарларды сақтағалы тұрсаңыз, “Жауапты сақтау бойынша келісімшарт” жасасқаныңыз дұрыс. Оның тиімділігі әдеқайда жоғары болады, арнайы бағалаушылар шақырылып, сіздің мүлкіңіз бағаланады, нарықтық құны белгіленеді. Осылайша банк қандай да бір жоғалту болған кезде оны толығымен қайтаруға міндеттенеді. 

Әрине, ол жерде сіз бағалаушылардың қызметіне бөлек төлем жасауыңызға тура келеді. Сейфке құнды заттарыңыз үшін алаңдап, үйде сақтауға қорыққан жағдайда осы ұяшықтарды пайдалануға мүмкіндік бар. Басқа жағдайларда кеңес берілмейді. Жалға алу келісімшартын жасау қауіпті, банкпен қиын жағдайға түсіп қалуыңыз мүмкін. Құнды затты, ақшаны қайтару кезінде банкпен сотқа дейін баруыңыз мүмкін. Сондықтан келісімшарт затты сақтау бойынша жасалуы қажет”, - дейді маман.

Банк ұяшығын кім аша алады?

Халық Банк ақпаратына сүйенсек, банк ұяшығы пайдаланушы қатысуынсыз ашылатын жағдайлар бар:

  1. Клиент тыйым салынған мүлікті сақтады деген ақпарат болған кезде;
  2. Клиент сейфті пайдалану жөніндегі ережелерді сақтамағаны туралы ақпарат болған кезде, оның ішінде: сейфте бұзылатын заттарды, сондай-ақ сейфтің кез келген зақымдануына әкеп соғуы мүмкін заттарды, мүлікті сақтау, сейфтің бұзылуына, істен шығуын қоса алғанда әкелетін заттарды немесе салмағы банк ұсынған сейф жүктемесінен асатын мүлікті сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады;
  3. Түтін шығып, ұяшықтың ішінен өрт шыққанда, шіріген иіс пайда болғанда;
  4. Клиенттің (өкіл, мұрагер, адвокат) 3 айға дейінгі уақытта жалдау мерзімі аяқталған күннен бастап келмеуі;
  5. Соттан құжаттар түскен кезде, уәкілетті орган мемлекеттік органның және т .б .ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мәжбүрлеп шығару туралы шешім қабылдауға құқығы бар;
  6.  Клиенттің хабар-ошарсыз кетті деп танылуы немесе қайтыс болуы және сейфтің ішіндегі заттарға меншік құқығын басқа адамға мұрагерлік жолымен немесе заңды мұрагерлік шеңберінде беру туралы ақпарат болмаған кезде;
  7. Сейфтің құрамын немесе бүліну қаупін тудыратын аяқ-асты жағдайлардың болуы.

Ұяшықта заттарды қанша уақыт сақтауға болады?

Әр банк әртүрлі жағдайлар мен тарифтер ұсынады. Әдетте құнды заттарды сақтау 1 тәуліктен 1 жыл және одан да көп уақытқа бекітіледі.

Ұяшық ашу сомасы қанша ?

Редакциямыз қарастырған қазақстандық банктер ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «ForteBank» АҚ,  «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Kaspi» Банк АҚ, «Альфа-Банк» АҚ, Банк ВТБ (Қазақстан) және «Сбербанк» АҚ, «Jýsan Bank» банктерінде ұяшық жалға алуға болады.

Қызмет құны сейфтің құны мен жалдау мерзімімен анықталады.

«ForteBank» АҚ пайдаланушыларына төрт түрлі ұяшық түрін ұсынады:

  • Шағын сейф
  • Орташа сейф 
  • Үлкен сейф 
  • Гранд сейф 

Сейф параметрлері (80x246x450-ден 450х450х450 барады). Аталған банк ең аз дегенде бір аптаға ұяшықты жалға береді,

1 аптаға шағын сейф - 1000, орташа - 1500, үлкенін - 2000, гранд - 3000 теңге көлемінде. Бір жылға шағын -  24 000 тг, орташа - 35 000, үлкен - 57 600, гранд сейф - 96 000 теңгені құрайды.

«Kaspi» банкінде кем дегенде бір тәулікке ұяшық 300 теңгеден басталып, бір айда 20 000 теңгеге дейін  жалға алуға болады. Мұнда сейф көлемдері 5 000 – 120 000 куб.смге дейін барады. 

Сейф ұяшықтарын кез келген мерзімге жалға ала аласыз, содан кейін оны ұзартуға болады. Сондай-ақ, жалға алынған сейф ұяшығын сенімді тұлғаға пайдалануға құқық бере аласыз. 

«АТФ Банк» АҚ

Банк пайдаланушының

- құнды әшекейлер
- қымбат заттар
- бағалы қағаздар
- құжаттар сияқты заттарын сейфте сақтайды. Мұнда 1 күннен, 1 жылға дейінгі тарифтер бар.

Кіші ұяшық үшін 1 күнге - 200 теңге, 1 айға - 2 600 теңге, 1 жылға - 24 640 теңге.

Орташа ұяшық үшін 1 күнге - 300 теңге, 1 айға - 4 200 теңге, 1 жылға - 45 000 теңге.

Үлкен ұяшық үшін 1 күнге - 450 теңге, 1 айға - 6 500 теңге, 1 жылға - 69 000 теңге.

«Сбербанк» банкі ұяшықтардың келесі түрлерін/өлшемдерін ұсынады: кішкентай, орташа, үлкен (кәдімгі сейфтік депозитарий, VIP Алматы - жартылай автоматты сейфтік депозитарий, VIP Астана - Автоматты сейфтік депозитарий).

Ұяшықтарда клиенттің құнды заттары (бағалы қағаздар, құймалар, қолма-қол ақша және т. б.) сақталуы мүмкін. Банк тыйым салатын заттар ішінде: жарылғыш, иісті заттар, сұйықтықтар, қару, сондай-ақ ҚР аймағында еркін қолдануға тыйым салынған заттар бар.

Сейфтік ұяшықты жалға алу құны банк орналасқан филиалға, ұяшықтың мөлшеріне, ұяшықтың түріне және мерзіміне байланысты

Ұяшықты жалдау мерзімі: 1 күннен 18 айға дейін, жалға алынған ұяшықты ұзартуға болады.

Сбербанктағы ұяшықтардың құны орталық және басқа да филиалдар бойынша ажыратылады. Орталықта орналасқан сейфтер сәйкесінше қымбатырақ болады. 1 күн үшін кіші сейф орталық кеңседе - 380 тг, ал басқа филиалдарда - 315 теңге. Үлкен сейф үшін 1 күнге орталық кеңседе - 750 теңгеден басталып, 18 ай үшін 95 280 теңгеге дейін барады. Ал басқа филиалдарда баға сәл төменірек: үлкен сейф үшін -  630 теңгедене 79 400 тг-дейін барады. 

ВТБ Банкі (Қазақстан)  ұяшықтары маңызды құжаттар мен құнды заттарды сақтау үшін қолданылады және 12 айға дейінгі мерзімге жалға алынуы мүмкін ұзарту.

1 аптаға кіші сейфті - 1800 тг, ең ірі сейфті - 4900 тг жалдай алады. 1 айға - 5800 тг, 3 айға 15600, 6 айға 18000, 12 айға - 30 000 тг.

Орташа сейф осы ретпен 2500-50 000 тг аралығында, үлкен сейф 3200-70 000 тг; ірі сейф - 4900 - 100 900 тг сомасында.

Ұяшықтардың көлемі 72 х 260 х 390 мм-ден бастап 440 х 260 х 390 мм-ге дейін.

«Халық банкте» ұяшықтарды 1 күннен бастап 12 айға дейінгі мерзімге жалдауға болады. 

Банкте механикалық/электронды және механикалық; автоматтандырылған және биометриялық сейфтік депозитарий бар.

Механикалық/электронды және механикалық сейфтер:

Кіші сейф (биіктігі 100 мм дейін)  - 1 күнге - 250 тг, 12 айға - 24 000 тг;
- маңызды құжаттар
- қолма-қол ақша қаражаты
- электрондық ақпарат тасымалдаушылар

Орташа сейф (биіктігі 101-ден 294 мм-ге дейін) - 1 күнге - 350 тг, 12 айға - 42 500 тг;

- зергерлік бұйымдар
- зергерлік бұйымдар
- марапаттары
- бағалы қағаздар

Ірі сейф  (биіктігі 295 мм-ден 600 мм-ге дейін) - 1 күнге - 500 тг, 12 айға - 70 000 тг;

- суреттер
- өнер туындылары
- антиквариат

Автоматтандырылған және биометриялық сейфтер:

Кіші сейф -  1 күнге - 350 тг, 12 айға - 34 000 тг;

Орташа сейф - 1 күнге - 500 тг, 12 айға - 58 500 тг;

Ірі сейф - 1 күнге - 700 тг, 12 айға - 100 000 тг. 

 Банкте сейфті жалға алғаны үшін комиссия клиенттің таңдауына байланысты жүзеге асырылады және келісімшартта белгіленген тарифтеріне сәйкес алынады.
шарт жасасу күніне қолданыстағы (сейф операцияларын жүргізуге арналған тарифтер).

«ЦентрКредит» банкі сейф ұяшықтарын жалға алу мерзімін шектемейді, оны клиент өз қалауынша белгілей алады және ұзарта алады. Дербес сейф ұяшығын жалға алуды ресімдеу үшін сәйкес шарт жасап, жалдау ақысын төлеу қажет. Оның мөлшері сейф ұяшығының көлемі мен жалға алу мерзіміне байланысты белгіленеді.

Банк Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында әзірге сейфтік қызметтерін тоқтата тұрған.

Ақтау, Атырау, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Тараз және Орал қаласындағы филиалдар үшін сейфтік қызмет құны кішкентай сейф үшін (10 000  куб.см дейін) бір күнге 250 теңгеден басталып, 12 айға 25 000 теңгеге дейін жетеді. 

Орташа сейф бір күнге 350 тг бастап  (27 500 куб.см дейін) бір айға бір айға 5000 тг 12 айға 42 000 тг дейін. 

Үлкен сейф (65 000 куб.см дейін) 1 күнге - 500 тг, 1 айға - 6000 тг, 12 айға - 60 000 тг.

Гранд сейф (65 001 куб.см дейін) 

«Альфа Банкте» ұяшықты 1 айдан 12 айға дейінгі уақытқа жалға ала алуға болады. 

Кіші сейфтің бағасы 1 айға -  3600 тг-ден 12 айға - 31 000 тг дейін;
Орташа сейф 1 айға - 5400 тг-ден - 54 000 тг дейін;
Үлкен сейф 1 айдан - 7600 тг-ден  - 76 000 тг дейін;

Әрбір мерзімі өткен төлем күні үшін айыппұл құны 500 т. Банк ұяшығын 18-ден асқандар, арнайы тізімнен тұратын құжаттарды өткізу арқылы аша алады.

«Jýsan Bank»

Сейфтік ұяшықты жалға алу мақсаты – ақша қаражатын, құндылықтар мен құжаттарды сенімді, қауіпсіз және құпия түрде сақтау.
Ұяшық түрлері: кіші, орта және үлкен.

Ұяшықты жалға алу мерзімі: 1 күннен бастап 1 жылға дейін (кейіннен мерзімін ұзарту мүмкіндігімен).

Қажетті құжаттар: жеке тұлғасын куәландыратын құжат. Үшінші тұлғалар үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат.

Jýsan Bank сейфтердің екі түрін жалға береді: автоматтандырылған және механикалық. Автоматтандырылған Сейфтер клиенттерге VIP сегментінің жеке тұлғаларына беріледі және банктің екі филиалында орналасқан: Астана мен Алматыда. Механикалық жеке және заңды тұлғаларға беріледі, олар банктің Қазақстан бойынша көптеген филиалдарында орналасқан.

Ұяшықты жалға алу мерзімі сейфтердің барлық түрлері бойынша 1 күннен 1 жылға дейін (одан әрі ұзарту мүмкіндігімен).

Жалға алу құны ұяшықтың көлеміне, жалға алу мерзіміне және филиалға байланысты (Нұрсұлтан мен Алматыда құны банктің басқа филиалдарына қарағанда жоғары). Жалға алу мерзімі неғұрлым жоғары болса, бұл қызметтің құны соғұрлым төмен болады.

Ең тиімдісі - ұяшықты бір жылдан бастап жалға алу. Мысалы, елордада шағын ұяшықты жылына 36 мың теңгеге, Алматыда – 40 мың теңгеге, басқа филиалдарда – 25 мың теңгеге жалға алуға болады.

1 күнге кіші ұяшыққа Нұр-Сұлтан қаласында  - 1500 тг, Алматыда - 1000 тг,  басқа филиалдарда 250 тг. 1 айға кіші ұяшық үшін Нұр-Сұлтанда -  4800, Алматыда - 4000 тг, басқа филиалдарда - 3000 тг. Ал 1 жылға кіші ұяшық үшін Нұр-Сұлтанда - 36 000 тг, Алматыда - 40 000 тг, басқа филиалдарда - 25 000 тг.

Қандай жағдайда ұяшықты ашуға болады және оны кім жасауға құқылы? (соттың немесе тергеу органдарының шешімдері)

Банк келесі жағдайларда комиссияның қатысуымен клиенттің қатысуынсыз сейфті (ұяшықты) мәжбүрлі түрде ашуға құқылы:

  • клиент сейфті пайдалану жөніндегі шарттың талаптарын сақтамаған жағдайда;
  • клиенттің жалдау мерзімі аяқталған күннен бастап үш ай өткеннен кейін келмеуі;
  • заңнамаға сәйкес клиент жалдаған сейфте (ұяшықта) тұрған затты мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылдауға құқығы бар соттардан, уәкілетті мемлекеттік органнан, мемлекеттік органның лауазымды адамынан, жеке сот орындаушысынан құжаттарды алған кезде;
  •  заңнамада көзделген өзге де жағдайларда.

Банк ұяшықтарының артықшылықтары:

  • Қолма қол қаражытыңызды кез келген уақытта, бірден ала аласыз.
  • Банк кез келген уақытта банкрот бола алады. Кейде әлдебір банктің лицензиясын тартып алды деген хабарларды естіп жатамыз. Екінші жағынан, ұяшықтың ішіндегі заттар сіздің активтеріңіз, меншігіңіз болып табылады. Қаржы мекемесі жабылғанға дейін бар болғаны келіп, ұяшық ішіндегісін алып кетесіз.
  • Құнды заттарды ұяшықта сақтай отырып, сіз шығындарды барынша азайтасыз.

    Технология дамып, тиісінше қауіпсіздік жүйелері жетілдірілуде, бірақ тіпті ең ақылды дабыл пәтерге түсетін ұрыларды тоқтата алмайды. Ұяшықтың ішіндегі заттар банктің тәулік бойғы күзетімен қамтамасыз етіледі.

    Көбінесе демалыс маусымы кезінде ұяшықтарда зергерлік бұйымдар, қағаз және цифрлық медиадағы маңызды құжаттар сақталады. Бұл құнды заттар тек ұрлықтан ғана емес, сонымен қатар су тасқыны мен өрттен де сақтаулы болады.

  • Сейф ұяшықтарында ҚР заңнамасына тыйым салмайтын барлық нәрсені сақтауға болады.

Банк ұяшықтарының кемшіліктері:

  • Ұяшыққа кез келген уақытта қол жеткізе алмайсыз. Тек банк бөлімшесінің жұмыс уақытында ғана бара аласыз. Егер клиент ұяшыққа басқа біреу аша алатындай еткісі келсе, онда  сенімхат жазу керек болады.
  • Ұяшықта қаражат сақтаудың басты кемшілігі - ақшаңыз "жұмыс істемейді" және өспейді. 
  • Көп адам ұяшықтарды тек қоғамның ауқатты бөлігі қолдануға ыңғайлы деп есептейді.
  • Ұяшық клиентке тек белгілі бір уақытқа ғана тиесілі, яғни жалдау мерзімінің соңына дейін клиент өз мүлкін алып кетуі немесе жалдау мерзімін жалғасытырып төлеп, ұзартуы керек.

    Олай болмаған жағдайда, егер жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін клиент келмесе, банк бірнеше қызметкерден комиссия құрады. Олар өз кезегінде ұяшықты ашады, ішіндегісін алып, банк қоймасына жібереді.

Талқылау