Банк карталары туралы не білу керек? Карта түрлері мен ерекшеліктері
Күнделікті сауда-саттық жасағанда немесе ай сайын жалақы түскен кезде пластикалық немесе онлайн картамен төлем жасаймыз. Бұл біздің өмірімізді жеңілдеткен жаңа заманның жетістігі деп қараймыз. Алайда осы банк карталарын қаншалықты дұрыс пайдаланып жүрміз? Олардың қандай түрлері мен ерекшеліктері бар? Stan.kz ForteBank-пен бірге банк картасының ерекшеліктерін түсіндіреді.
Банк картасы - онлайн және офлайн дүкендерде сатып алуларға ақы төлеуге, қолма-қол ақша алуға, банктегі шотыңызды толтыруға, достарыңызға ақша аударуға және ақша операцияларының басқа түрлерін жасауға мүмкіндік беретін төлем құралы.
Банк карталары түрлері
Төлем карталарының жалпы қабылданған жіктемесі болмаса да, оларды үш негізгі топқа бөлуге болады:
- шоттағы қаражат түрі бойынша;
- төлем жүйесінің түрі бойынша;
- қосымша параметрлер бойынша — деректерді қорғау принципі, кэшбэк.
Шоттағы қаражат түрі
Қаражат түрі бойынша карталар дебеттік, несиелік болып бөлінеді. Негізгі айырмашылық - шоттағы қаражат кімге тиесілі екендігінде: банкке немесе карта иесінің өзіне.
Дебеттік карталар
Дебеттік карта шотқа байланысқан, яғни сіздің шотыңызға салынған ақшаны алуға, жұмсауға мүмкіндік береді. Олардың басты ерекшелігі, ашу үшін сіздің жеке куәліктегі ақпаратыңызбен банкке өзіңіз келуіңіз керек. Бірнеше минуттың ішінде өз картаңызға қолжеткізесіз.
Айта кету керек, ForteBank-те ForteBlue дебеттік картасы бар. Бұл картамен сіз жалақы алып қана қоймай, ақшаңызды еркін жұмсауға, сақтауға, аударуға мүмкіндік аласыз. Картаны ашу үшін бар болғаны ForteМobile мобильды қосымшасын орнатып, тіркеліп, картаны ашуға өтінім берсеңіз болды. Картаны сіз онлайн түрде қолдана аласыз, оны ашу және алғашқы жылы қолдану тегін, ай сайын сатып алулардан түсетін бонус 15%-ға дейін жетеді. Тек банктың өз ішінде емес, басқа банк карталарына да ақша аудару тегін. Әлемнің кез келген банкоматында 500 000 теңгеге дейін ақша шығару тегін.
Балалар дебеттік картасы
ForteBlue дебеттік картасын балаларға да арнап ашуға болады. Ол үшін ата-ананың келісімі мен рұқсаты қажет. Карта ата-аналардың бірінің картасымен байланысып, баланың ақшасын қайда жұмсап жатқанын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Ол үшін өзіңізге де, балаға да мобильді қосымшаны орнату қажет. Өз мобильді қосымшаңыздан балаға карта ашу туралы өтініш беріп, оны баланың смартфонындағы қосымшада тіркеңіз. Бұл карта ата-ана мен балаға көптеген мүмкіндік береді. Бала өзінің ақшасы барын ойлап, оны есеппен жұмсауға, жауапкершілікке үйренсе, ата-ана балаға еркіндік беріп, өзін күнделікті есеп беруден босатады. Әрі бала ақшасы таусылып қалған жағдайда ата-анаға мобильді қосымша арқылы өтініш жіберіп, ақша сұрай алады.
Несие карталары
Дебеттік картадан айырмашылығы, несие картасы сізге өз ақшаңызды ғана емес, банктің ақшасын қолдануға мүмкіндік береді. Несие картасын пайдаланып, банктен ақша қарызға алып, содан кейін оны белгіленген мерзімде пайызбен қайтара аласыз. Картаның бұл түрі сатып алуларды төлеуге ыңғайлы.
Несиелік картаны ресімдеу үшін банкке құжаттар пакетін ұсыну қажет: несиелік картаға сауалнама, қарыз алушының төлқұжатының көшірмесі, оның ішінде фотосуреті мен тұрғылықты жері бойынша тіркелуі, кірісті растайтын қосымша құжат керек. Несиелік лимит жеке есептеледі және, әдетте, клиенттің төлем қабілеті мен несиелік тарихына байланысты.
Пайыздар бірінші күннен бастап есептелетін әдеттегі несиеден айырмашылығы, банктер несие карталары үшін көбінесе пайызсыз жеңілдік кезеңін ұсынады. Осы уақыт ішінде, әдетте, 1-3 ай ақшаны пайдаланғаны үшін пайыздар есептелмейді.
ForteBank-те ForteBlack несие картасын жасауға болады. Мұны несие, бөліп төлеу үшін қолдана аласыз. Картаның мүмкіндіктері дебеттік картаға ұқсас, алайда оның бірнеше ерекшелігі бар.Кез келген тауарды онлайн немесе оффлайн түрде бөліп төлеуге сатып алуға жол ашады. 3 миллион теңгеге дейін қарыз алу мүмкіндігіңіз бар. Ал қарызды үш айға дейінгі мерзімде қайтарсаңыз оған үстеме пайыз қосылмайды. Әрі өз смартфоныңыздағы ApplePay және SamsungPay қосымшаларын қолдана отырып, еш қиындықсыз төлем жасай аласыз.
Премиум карта
Премиум карта – банктегі арнайы қызметтің кілті. Әрбір банк осындай карталарды ұстаушыларға өздерінің ерекше қызметтерін ұсынады, сонымен қатар, олардың ақысыз шарттары мен критерийлерін белгілейді. ForteSolo премиум картасын тегін жасатып, бір ай тегін қолдануға болады. Бұл мультивалюталық, арнайы мүмкіндіктері бар карта. Оның ішіне сақтандыру, заңгер, саяхат және т.б. тиімді қызметтер кіреді.
Solo картасымен төлем жасай отырып, өз саудасы үшін Nomad Club ұпайларын жинап, Nomad Club - Air Astana әуе компаниясының жолаушыларды марапаттау бағдарламасы. Ұпайларды әуе компанияның рейстерінде жүлделі ұшу мен қызмет көрсету класын жоғарылату үшін пайдалануға болады. Дәл осы секілді Solo картасында Black статусы бар тұлға Tehnodom бонустық картасын тегін алып, компаниядан жоғарылатылған 5% бонуспен көптеген сервис түрлерін тегін қолдану мүмкіндігі ашылады. Бұдан бөлек, банкте сіздің өз адамыңыз жұмыс істейтін болады. Яғни Solo картасы бар клиенттің жеке менеджері бар. Ол несие бойынша үздік талаптарға қалай қол жеткізуге болатыны айтып, сіздің қаражатыңызды тиімді талаптарда орналастырып, барлық банктік өнімдер туралы кеңес береді. Оған қоса, кеңесшіңіз SoloDirect қызметі арқылы сізбен телефон қоңырауы арқылы, электрондық поштамен хат алмасу арқылы, WhatsApp, мессенджері арқылы жұмыс күндері сағат 9:00 бастап сағат 18:00 дейінгі уақытта банктік мәселелер бойынша сізбен байланыста болады. Картаның бұдан өзге де пайдасы бар, сақтандыру, заңгер қызметі, саяхаттау жолдары жайлы толығырақ біле аласыз.
Бизнес карта
Бизнес карта - кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға арналған банктік картаның бір түрі, ол компанияның немесе жеке кәсіпкердің есеп айырысу шотына байланады. Бұл бизнеске арналған дебеттік карта деуге болады. Себебі оның функцияларының барлығы дебеттік картамен ұқсас. Сіз оны терминал арқылы немесе интернетте төлеу кезінде қолдана аласыз немесе қолма-қол ақша шешіп алуға болады. Эквайринг бар жерде ел ішінде ғана емес, шетелде де төлем жасауға болады.
ForteBank-те компанияның іссапарлық, өкілдік және басқа шығындарын төлеуге арналған ыңғайлы тетік бар. Бұл бизнеске арналған ForteBusiness банк картасы. Оны шығару тегін, 24\7 жұмыс жасап, жанасу төлем мүмкіндігін береді. Өз шоттарыңызды онлайн басқарып, ForteX көмегімен айырбастау бағамын сұрай аласыз.
Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, бизнес-картаны жеке дебеттік карта ретінде пайдалана аласыз. Яғни жеке және бизнес қажеттіліктеріне ақша жұмсау мүмкіндігі ашық. Заң бойынша жеке кәсіпкерлердің бизнестегі қаржысы да олардың жеке ақшасы бола алады. Жеке кәсіпкер бизнес-картадағы қаржыны заң шеңберінде кез келген нәрсеге жұмсай алады: қажетті құрылғылар сатып алу, әуе билеттері, балалар үйірмесі, мейрамханадағы кешкі ас және кеңсеге үлкен монитор алу және т.б. Ал егер сізде Жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе одан көлемді бизнес болса, картадағы қаржыны жеке қажеттілігіңізге жұмсай алмайсыз.
Қауіпсіздік
Картаның қандай түрлері болмасын, қауіпсіздік шараларын қолданған жөн. Банк картадағы деректерді әртүрлі тәсілдермен қорғайды. Магниттік таспамен, ПИН-кодты теру арқылы және PayPass немесе PayWave чиптерін орнатқаннан кейін жанасусыз төлем жүйелерін орнатады. Бұдан бөлек, онлайн төлемдер кезіндегі де қауіпсіздікті естен шығармау қажет. Деректерді қорғау үшін бірнеше нұсқауларды орындау қажет: сенімді сауда сайттарын пайдалану, қауіпсіздік белгісі тексеру(мекенжай жолағындағы құлып белгісі), ешкімге пин-код пен карта деректерін айтпау, виртуалды карталарды немесе төлем кезінде қосымша құпия сөзді енгізуді қажет ететін 3D-Secure жүйесін пайдалану. Сондай-ақ, карта үзінділерін үнемі тексеріп отыру да маңызды.