Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балкон жақтауынан ұстап, өмірі үшін күрескен: Ақтөбеде 19 жастағы қызды танысы зорлап, жетінші қабаттан құлатып жіберген

Ақтөбеде 19 жастағы қызды танысы зорлап жетінші қабаттан тастап жіберген. Бойжеткен балконнан ұстап өмір үшін күрессе де жігіт оның қолынан ұрып, құлатып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото Диапазоннан

Қылмыс өткен жылдың 8 маусымында Тургенев көшесіндегі 12 қабатты үйде болған. 19 жастағы Әйгерім өзінің танысымен бірге пәтерде болған. Деректерге сай, жігіт қызды зорлап кейін оны жетнші қабаттан тастап жібермек болған. Әйгерім екі қолымен балконның ағаш жақтауынан ұстап өмірі үшін күрескен. Алайда ер адам оның саусақтарынан ұрған. Соққыға шыдай алмаған бойжеткен төмен құлап, алған жарақаттарынан сол жерде мерт болды.

Сот ер адамды қызды зорлап, өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды. 



Әйгерім Ақтөбенің ГМЗ ауданында тұрып, №15 мектепті бітірген. Университетте староста болған. Бастапқыда іс зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелеу баптары бойынша қозғалған. Алайда тергеу барысында Әйгерімнің мүлде өлгісі келмегені, өмірі үшін күрескені белгілі болды. Оның құрбылары да арудың өз-өзіне қол жұмсағанына сенбеген.

Талқылау