"Балкон көрсем, жүрегім ауырады": Төреғали Төреәлі Павлодардағы оқиғаны еске алды
Төреғали Төреәлі еліміздің қалаларының біріндегі концертте Павлодардағы оқиғаны еске алып, көрерменмен әзілдесті. Әнші осыдан бірнеше жыл бұрын өзіне айқайлаған қарт кісіні залдан қуып, дауға қалған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әзілдің астарын бірден түсінген көрермендер күліп жіберді.
Еске салай кетейік, 2017 жылы Төреғали Павлодарда өткен концертінде қарт кісімен ерегіскен болатын. Ол өзіне ескерту жасаған қарияны залдан қуды. Бұл әрекеті үшін ТТТ-ның басы үлкен дауға қалды. Халық әншіні аяусыз сынға алды. Кейін елдің өкпе-назы басылды.
Тіпті әншінің сол кездегі: "Шығып кетсін ба, ағайын?" – деп айтқан сөзі ел арасында әзіл сөзге айналып, ән мәтіндеріне енген еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр