Балқаш тұрғыны еріккеннен аспанға оқ атып, түрмеге түсті
Балқаш полициясы еріккеннен бірнеше рет аспанға оқ атқан тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Русаков ықшам ауданында орын алған. 43 жастағы азамат оқ атып бастағаны сол екен, 10 минут өтпестен полицейлер оқиға орнына жетіп келген. Азаматтың көлік терезесінен басын шығарып, аспанға оқ атқаны анықталды.
Балқаш прокуратурасының қызметкері Мади Әбішев «Мерседес» жүргізушісінің құрықталғанын айтты.
«Атыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал оқталған қаруды пайдаланып, бұзақылық жасаған азамат қолға түсті. Аталған факті Балқаш ішкі істер органдарының сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелді», – дейді Мади Әбішев.
Жіберіп алмаңыз:
Қызылордалық қожа «қарадан» алған келінімен бір дастарханнан шай ішпейді
Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза болғандардың есімдері анықталды
Оқушы қыздар өздерін құтқарып, өзі суға батып кеткен көршілері жайлы айтты
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған